ЖҮЙЕЛІК ҚЫЗЫЛ ЖЕГІМЕН ПАЦИЕНТТЕРДЕГІ ТЕРАПИЯНЫ ҰСТАНУҒА ӘСЕР ЕТЕТІН ФАКТОРЛАР
Өзектілігі. Ұстану «адамның мінез-құлқының дәрігердің нұсқаулығына сәйкес келетін дәрежесі» ретінде анықталады. Терапевтік режимдерді ұстанбау созылмалы аурулары бар науқастарда, оның ішінде жүйелі қызыл жегіні (ЖҚЖ) қоса алғанда жиі кездесетін проблема болып табылады. Бұл аурудың шиеленісу қаупінің жоғарылауына, госпитализацияға және қызыл жегі нефритімен ауыратын науқастарда болжамның нашарлауына әкеледі. Емдеу режимін сақтамау көптеген пациенттер үшін көп факторлы болып табылады және жоспарланбаған және қасақана жүйелілікке байланысты өзгереді. ЖҚЖ-мен ауыратын науқастарда төмен ұстаным деңгейі 3% -дан 76% -ға дейін өзгереді.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында (ҚР) ЖҚЖ-мен ауыратын науқастардағы терапияны ұстануға әсер ететін факторларды зерттейтін және төмен ұстанудың салдарын бағалайтын зерттеулер жүргізілген жоқ.
Біздің зертетудің мақсаты ЖҚЖ –мен науқастардағы терапияны ұстануға медициналық – әлеуметтік факторлардың әсер етуін зерделеу болды.
Материалдар мен әдістер: ЖҚЖ диагнозы бар барлық пациенттерді қосқанда, үздіксіз әдіспен көлденең зерттеу жүргізілді. Белгіленген емді ұстануды талдау Morisky (MMAS-4) емделуге бейімділік шкаласының қысқа нұсқасы бар сауалнамалар көмегімен жүргізілді. Алынған жауаптар екі топқа жіктелді: «терапияның ұстанымдар» - 4 балл жинаған адамдар және «терапияға бейім емес» - сауалнама нәтижелері бойынша 4 балдан төмен емделушілер. Деректерді өңдеу процедурасы Windows үшін SPSS 20.0 жүйесінде орындалды. Ең алдымен, осы зерттеуде мәліметтерді тарату түрі бағаланып, әрі қарай сапалық және сандық айнымалылардың сипаттамалық статистикасы есептелді. Сапалық айнымалылар абсолютті сандармен және олардың пайыздарымен ұсынылды. Пирсон хи-квадрат критерилері (χ2) топтар арасындағы жиіліктер арасындағы айырмашылықты бағалау үшін қолданылды. Критикалық мән p <0.05 кезінде маңызды болып саналды.
Зерттеулер нәтижелері. Зерттеу барысында бізбен барлық қатысушылардың тек 11 (16,4%) MMAS-4 деректері бойынша емдеуді ұстанатындығын анықтадық. Сонымен қатар, респонденттердің 56 (83,6%) міндеттемелері төмен, кезеңділікпен, белгіленген емдеуді ұмытып, оның көбеюін байқамай, жанама әсерлерден қорыққандықтан қабылдауды елемеді. Төмен деңгей білімі, табысы төмен, жасы үлкен және ревматологтың ұзақ мерзімді бақылауы бар адамдарға да тән болды.
Қорытынды. Зерттеу барысында алынған мәліметтерді талдау ЖҚЖ бар науқастардың терапияға аз бейімділігі мәселесінің жоғары өзектілігін көрсетеді. Дәнекер тіндерінің ауруларын емдеудің төмен деңгейінің алдын алу үшін ұлттық зерттеулер жүргізу және бағдарламалар жасау қажет. Денсаулық сақтаудың тиімді шаралары жергілікті және мемлекеттік деңгейде қабылдануы керек.
Көрген адамдардың саны: 440
Мақалалар санаты:
Біртума зерттеулер
Библиографиялық сілтемелер
Хамитов Е.А., Хисметова З.А., Горемыкина М.В., Танышева Г.А., Котляр А. Жүйелік қызыл жегімен пациенттердегі терапияны ұстануға әсер ететін факторлар // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2019. 5 (Т.21). Б. 103-109.Ұқсас жариялымдар:
ОРТА ЖАСТАҒЫ ЖӘНЕ ЕГДЕ ЖАСТАҒЫ АДАМДАРДАҒЫ ДЕНЕ САЛМАҒЫ ИНДЕКСІ МЕН СҮЙЕКТІҢ МИНЕРАЛДЫ ТЫҒЫЗДЫҒЫ АРАСЫНДАҒЫ БАЙЛАНЫС
САРКОИДОЗ ЖӘНЕ ӨКПЕ ТУБЕРКУЛЕЗІ КЕЗІНДЕГІ ГРАНУЛЕМАТОЗДЫ ҚАБЫНУДЫ КЛИНИКА-МОРФОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ МОРФОМЕТРИЯЛЫҚ БАҒАЛАУ
БЕЛСЕНДІ ТУБЕРКУЛЕЗБЕН АУЫРАТЫН АИТВ ЖҰҚТЫРҒАН НАУҚАСТАРДА БАУЫРДЫҢ ДӘРІЛІК ЗАҚЫМДАНУЫ: САЛЫСТЫРМАЛЫ ЗЕРТХАНАЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ СОЗЫЛМАЛЫ ЖҮРЕК ЖЕТКІЛІКСІЗДІГІ БОЙЫНША АУРУЛАРДЫ БАСҚАРУ БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ АСЫРУ НӘТИЖЕЛЕРІ
ИНСУЛИНГЕ ТӨЗІМДІЛІГІ БАР НАУҚАСТАРДА ИНСУЛЬТ КЕЗІНДЕ ІШЕК МИКРОБИОМАСЫНЫҢ СИПАТТАМАСЫ