ГЕПАТИТ В ВИРУСЫ ГЕНОТИПТЕРІНІҢ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ТАРАЛУЫ ЖӘНЕ СОЗЫЛМАЛЫ ВИРУСТЫ ГЕПАТИТ В-ның КЛИНИКАЛЫҚ БЕЛГІЛЕРІМЕН БАЙЛАНЫСЫ
Өзектілігі. Созылмалы вирусты гепатит В жоғары деңгейдегі жұқпалылығы (250 млн. астам адам) мен өлім көрсеткіштеріне (мөлшері 2 млн) байланысты қоғамдық денсаулық сақтау үшін бүкіл дүние жүзінде жаһандық мәселе болып табылады. Аурудың өршуіне вирустың биологиялық қасиеттерінен бастап генетикалық факторлар сияқты көптеген факторлар әсер етеді.
Іздеу стратегиясы. Ғылыми басылымдарды іздеу Pub Med, Google Scholar, Google Academia, eLibrary.ru, CyberLeninka іздеу системалары арқылы жүргізілді. Қосу критерийлері: іздеу тереңдігі 15 жыл (2004-2019); қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі басылымдар; толық мәтінді эпидемиологиялық және клиникалық зерттеулер. Шығару критерийлері: жануарлар туралы мақалалар, С вирусты гепатитінің генотиптері зерттелген және вирусқа қарсы терапияға жауап туралы мақалалар, қайталанатын жарияланымдар, конференция материалдары, клиникалық жағдайлар.
Нәтижесі. Генотип D – ең жиі кездесетін генотип. А, В, С генотиптерінің таралуы Европа, Африка және Азия елдеріне тән болса (А генотипі), В және С генотиптері Қытай мен Корея елдерінде жиі кездеседі. Қолайлы болжаммен В генотипі, ал олайсыз ағыммен С генотипін байланыстырады.
Қортынды. Сонымен, В вирусты гепатитінің генотиптерінің өздеріне тән географиялық тарауы бар және олар ауру ағымына маңызды әсер етеді
Көрген адамдардың саны: 401
Мақалалар санаты:
Әдебиеттерге шолу
Библиографиялық сілтемелер
Кумарбекова А.К., Эфендиев И.М., Муковозова Л.А. Гепатит В вирусы генотиптерінің географиялық таралуы және созылмалы вирусты гепатит В-ның клиникалық белгілерімен байланысы // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2019. 6 (Т.21). Б. 11-23.Ұқсас жариялымдар:
RADIATION EXPOSURE IN THE SEMIPALATINSK REGION: TRANSGENERATIONAL RISKS AND DOSIMETRY APPROACHES
TRENDS AND PATTERNS OF MALE REPRODUCTIVE SYSTEM DISEASES IN THE CONTEXT OF MEDICAL AND DEMOGRAPHIC INDICATORS. LITERATURE REVIEW
INFECTIOUS COMPLICATIONS OF UROLOGICAL INTERVENTIONS FOR UROLITHIASIS. LITERATURE REVIEW
PREVALENCE OF CHRONIC OBSTRUCTIVE PULMONARY DISEASE AS A GLOBAL HEALTH PROBLEM
THE QUALITY OF LIFE OF PATIENTS WITH COPD. LITERATURE REVIEW