ҚОЛҚА-КОРОНАРЛЫҚ ҰШТАСТЫРУҒА АРНАЛҒАН БӨЛІНУДІҢ ӘРТҮРЛІ ӘДІСТЕРІ КЕЗІНДЕГІ АУТОВЕНОЗДЫ КОНДУИТТІҢ МОРФОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ АНГИОГРАФИЯЛЫҚ БАҒАЛАУЫ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі: Жүректің ишемиялық ауруы (ЖИА) бүкіл әлемде өлімнің ең көп тараған себебі болып табылады, ол оны қоғамдық денсаулық сақтаудың ең маңызды мәселелерінің бірі етеді. ЖИА-ны емдеу нұсқалары консервативті емді, коронарлық араласуды және қолқа-коронарлық шунттауды (ҚКШ) қамтиды. 1990 жылдардың басынан бастап кондиут алу кезінде қоршаған тіндермен бірге болған үлкен теріасты көктамырларын дайындау әдістемесі, “no-touch”(NT) деп аталды. Бұл әдіс қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді келешекте дәстүрлік алумен салыстыру бойынша, өтімділіктің үлкен дәрежесін, сол жақ қарыншаның қызметін сақтауды, және жақсартылған клиникалық нәтижесін қамтамасыз етеді.
Жұмыстың мақсаты: дәстүрлік тәсілмен және сақталған әдіспен алынған (no-touch), кондуит өткізгіштігіне салыстырмалы талдау жүргізу.
Материалдар мен әдістер: 2017 жылдың қаңтарынан бастап қарашасына дейін Павлодар қаласының облыстық кардиологиялық орталығының клиникасында ЖИА бар емделушілерде КШ үшін аутовеннің аз жарақаттық эксплантациясының біз әзірлеген жаңа технологиясы пайдаланылды. Сипаттамалы және салыстырмалы статистиканың әдістері қолданылды. Аутовендерді эксплантациялау кезінде пайда болған өзгертулерді бағалау үшін, біз ұсынған технология және дәстүрлік әдістеме бойынша емделушілердің үлкен теріасты жамбас көктамырының (ТЖК) 69 фрагменті пайдаланылды. Екі әдістің жарақаттығын салыстыру үшін аутовен фрагменттерінің жарықтық микроскопиясын пайдаланды. Үлкен тері асты көктамырының 69 фрагментіне морфологиялық тексеру жүргізілді: классикалық әдіс бойынша алынған көктамырының 35 жерінен, және аз жарақаттану технологиясы бойынша 34 жерінен. Ангиографикалық зерттеуге классикалық әдіс тобындағы 33 (94,2%) пациент және аз жарақаттық әдіс тобындағы 31 (91,1%) пациент тартылды. 64 аутовеноздық шунттың өтуі зерттелді (33 - классикалық әдістен кейін, 31 - none touch кейін).
Зерттеу нәтижелерінің статистикалық өңдеуі SPSS бағдарламасының көмегімен жүргізілді. Айырмашылықтардың статистикалық маңыздылығы топтарды салыстыру үшін Манн-Уитни әдісін қолдану арқылы анықталды. Жиілік көрсеткіштерін салыстыру үшін Пирсонның x2 критерийі қолданылды. Нөлдік гипотезаны жоққа шығару үшін айырмашылықтардың шекаралық деңгейі p <0.05 алынды.
Нәтижесі: шунттардың «no touch» әдісінен кейінгі өтуі 96%, (бұл алдыңғы қарыншааралық артерияның жұмыс істеу нәтижесімен салыстыруға болады), классикалық әдіспен алудан кейін 82% құрады. Көктамырдың тамырлы қабырғасының морфологиялық өзгерістерін «no touch» әдісімен бөлу процесінде зерттеген кезде, әдеттегі әдіспен салыстырғанда эндотелийдің үсті негізінен өзінің бүтіндігі мен қатпарлығын сақтағаны атап өтілді (сурет. 2). Эндотелийдің тұтас сыдырылуы классикалық әдіске тән және 15% жағдайда кездеседі.
Қорытындысы: «no touch» әдісі көктамыр транспланттардың өтуін жоғары деңгейде қамтамасыз етеді және алдыңғы қарынша аралық артериялардың өту деңгейімен салыстырылады.
Көрген адамдардың саны: 388
Библиографиялық сілтемелер
Курманов А.М., Жусупов С.М., Нарешева К.А., Раимханов Т.А. Қолқа-коронарлық ұштастыруға арналған бөлінудің әртүрлі әдістері кезіндегі аутовенозды кондуиттің морфологиялық және ангиографиялық бағалауы // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2019. 6 (Т.21). Б. 49-55.Ұқсас жариялымдар:
GENETIC VARIANTS IN LIPID-ASSOCIATED GENES IN THE KAZAKHSTANI COHORT WITH ATHEROSCLEROSIS AND HYPERTRIGLYCERIDEMIA
CLONAL HEMATOPOIESIS WITH INDETERMINATE POTENTIAL IN TET2 AND DNMT3A AMONG KAZAKHSTANI INDIVIDUALS WITH ATHEROSCLEROTIC DISEASE
PRELIMINARY ANALYSIS AND ASSESSMENT OF THE HEALTH STATUS OF THE DESCENDANTS OF PERSONS EXPOSED TO RADIATION, LIVING IN THE BESKARAGAI DISTRICT OF THE ABAY REGION
PRELIMINARY ANALYSIS OF THE HEALTH STATUS AND RADIATION DOSES OF RESIDENTS OF THE ABAY DISTRICT OF THE ABAY REGION, WHO ARE DESCENDANTS OF PERSONS EXPOSED TO RADIATION DUE TO NUCLEAR WEAPONS TESTS
REPROGRAMMING EXPERIENCE OF BLOOD MONONUCLEAR CELLS INTO INDUCED PLURIPOTENT STEM CELLS (IPSCS) IN A PATIENT WITH CATECHOLAMINERGIC POLYMORPHIC VENTRICULAR TACHYCARDIA (CPVT)