Online ISSN: 3007-0244,
Print ISSN:  2410-4280
СОЛ ЖАҚ ҚАРЫНШАНЫҢ ИМПЛАНТАЦИЯЛАНҒАН МЕХАНИКАЛЫҚ АППАРАТЫ БАР НАУҚАСТАРДАҒЫ ГЕМАТОЛОГИЯЛЫҚ АСҚЫНУЛАРДЫҢ СЕБЕПТЕРІ МЕН МЕХАНИЗМДЕРІ
Кіріспе. Созылмалы жүрек жеткіліксіздігі Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы негізгі проблемаларының бірі болып табылады. Жүрек жеткіліксіздікті емдеу үшін және пациенттің өмірін ұзарту үшін жүрек трансплантациясы (ЖТ) қажет. ЖТ орындау әр пациент үшін мүмкін емес, өйткені жүрек донорлардың саны шектеулі. Қазіргі уақытта сол жақ қарыншаның көмекші аппаратын (left ventricular assist device, LVAD) имплантациялау әдісі жүрек трансплантациясының балама әдісі болып табылады. Осы имплантация әдісі пациенттерге жүрек трансплантациясына дейін өмір сүруге мүмкіндік береді. Алайда, LVAD құрылғысы жүрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде қан ағу және ұйығу жанама әсерлерін тудырады. Мақсаты. Имплантацияланған LVAD сол жақ қарыншалық механикалық аппараты бар пациенттерде гематологиялық асқынулардың себептері мен механизмдерін мақалардан қарастыру. Іздену стратегиясы. Әдебиеттерді іздеу: Web of Science, ResearchGate, PubMed, Google Academy, elibrary.ru. іздеу тереңдігі шектелмеген. Басылымдарды әдебиетті шолуға қосу критерийлері анықталды - бұл толық мәтіні бар, орыс және ағылшын тілдеріндегі, статистикалық түрде тексерілген қорытындылары бар жариялымдар. 73 әдеби дереккөзден 54 осы мақалаға аналитикалық материал ретінде таңдалды. Нәтижелер. LVAD роторының жоғары физиологиялық емес стрессі (non-physiologic shear stress, NPSS) 5000 - нан 12000 - дейін бір минутта айналып қанның ұйығумен ағуының себебі болып келеді. Жоғары ығысу стрессі тромбоциттердің гликопротеин рецепторларын (GPIbα, GPVI және GPIIb / IIIa), коагуляция жүйесінің, гемостаздың бұзылуына және фактор фон Виллебанд мультимимерлерінің тозуына ықпал етеді. Сондай-ақ, бүгінгі таңда тромбоциттер рецепторларының генетикалық полиморфизмі LVAD имплантациясы кезінде қанның ұйығу және ағу қаупін төмендетуге әсер етуі мүмкін. Ол осы саладағы перспективті бағыт болып табылады. Рецепторларды кодтайтын гендердің мутациясы тромбоциттердің функциясының өзгеруіне әкелуі мүмкін, осылайша механикалық LVAD құрылғысымен емдеу нәтижесіне әсер етеді. Қорытынды. LVAD құрылғысы орнатылған пациенттерде қанның ағуымен ұйығуын тоқтату үшін фактор Фон Виллебранд және гликопротеин рецепторлары гемостаздың бірқалыпты процесін сақтау үшін өте маңызды.
Көрген адамдардың саны: 759

Түйенді сөздер:

Мақалалар санаты: Әдебиеттерге шолу

Библиографиялық сілтемелер

Жалбинова М.Р., Рахимова С.Е., Бекбосынова М.С., Андосова С.А., Акильжанова А.Р. Сол жақ қарыншаның имплантацияланған механикалық аппараты бар науқастардағы гематологиялық асқынулардың себептері мен механизмдері // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2020. 1 (Т.22). Б. 5-16. doi:10.34689/SH.2020.22.1.001

Авторизируйтесь для отправки комментариев