Online ISSN: 3007-0244,
Print ISSN:  2410-4280
БІРІНШІЛІКТІ МИЕЛОФИБРОЗДЫҢ ӨМІР СҮРУ ҰЗАҚТЫҒЫНЫҢ БОЛЖАМ ФАКТОРЛАРЫ МЕН КЛИНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ГЕНЕТИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ. ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ.
Кіріспе: Біріншілікті миелофиброз (БМФ) - Ph-теріс миелопролиферативті ісіктер тобының жиі кездесетін ауруы (МПА). Күрделі генетикалық қайта құру нәтижесінде МПА патогенезінде гемопоэтикалық клетканың гені бұзылып, оның қатерлі өзгеруі орын алады. Шолуда БМФ патогенезі, клиникалық, морфологиялық және генетикалық сипаттамалары туралы соңғы мәліметтер келтірілген. Біріншілікті миелофиброзы бар науқастардың өмір сүру ұзақтығы болжамының диагностикалық критерийлері мен факторларына, сондай-ақ науқастарды жүргізу тактикасын таңдау үшін қауіп топтарын анықтай отырып стратификациялауға ерекше көңіл бөлінген. Мақсаты: Біріншілікті миелофиброздың диагностикасы, қауіп топтарына байланысты арнайы бейімделген терапия жүргізу үшін науқастардың стратификациясы, сонымен қатар өмір сүру ұзақтығы болжам факторларын анықтау туралы қазіргі әдебиеттерге шолу жасау. Материалдар мен әдістер: Ғылыми жарияланымдарды іздестіру мен талдау PubMed, Scopus, Ebscohost, Medline, The Сochrane Library, SpringerLink, Web of Knowledge (Thomson Reuters), Параграф, Медицина, Science Direct мәліметтер базасы мен веб-ресурстарында жүргізілді. Іздеу тереңдігі 2013 жылдан 2019 жылға дейін. Қосу критерийлері: үлкен популяцияда жүргізілген рандомизацияланған және когорттық зерттеулер туралы есептер; мета-анализдер (9) және жүйелі шолулар (5); Ағылшын және орыс тілдеріндегі мақалалар. Шығару критерийлері: оқшауланған жағдайларды және істер сериясын сипаттайтын мақалалар; 2013 жылға дейін жарияланған материалдар, дәлелдемелері жоқ материалдар, баяндамалардың қысқаша мазмұны, рефераттар мен газет мақалалары. 114 әдеби дереккөзден 33-і осы мақалаға аналитикалық материал ретінде таңдалды.j Нәтижелер: Шолуда диагностикалық критерийлерге, БМФ-бен ауыратын науқастарды емдеу принциптеріне және басқару тактикасын таңдау үшін стратификация қажеттілігіне, сондай-ақ олардың өмір сүруінің болжамды факторларын анықтауға арналған. Қорытындылар: Біріншілікті миелофиброзды молекулярлы-генетикалық тексеру мен халықаралық біртұтас жүйелерді қолдана отырып пациенттерді стратификациялау, терапевтік тактика алгоритмін таңдауға және БМФ-бен ауыратын науқастардың өмірін болжауға көмектеседі.
Көрген адамдардың саны: 38

Түйенді сөздер:

Мақалалар санаты: Әдебиеттерге шолу

Библиографиялық сілтемелер

Байдурин С.А., Бекенова Ф.К., Аяпова М.Е., Бараник Т.Ф., Абдуллина Б.К., Дахиева П.А., Афанасьева А.А., Нақыш А.Т., Курмангалиева К.Б. Біріншілікті миелофиброздың өмір сүру ұзақтығының болжам факторлары мен клиникалық және генетикалық ерекшеліктері. Әдебиеттерге шолу // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2020. 1 (Т.22). Б. 17-26. doi: 10.34689/SH.2020.22.1.002

Авторизируйтесь для отправки комментариев