Online ISSN: 3007-0244,
Print ISSN:  2410-4280
ЖАСӨСПІРІМДЕР СУИЦИДАЛДЫ БЕЛСЕНДІЛІГІ МЕН ИНТЕРНЕТ-ТЕХНОЛОГИЯЛАР: ӨҢІРЛІК ДЕҢГЕЙДЕГІ ТАЛДАУ ТӘЖІРИБЕСІ
Өзектілігі. Жасөспірімдер суицидтік белсенділігі өте жоғары болып табылады, әлемнің көптеген дамыған елдерінде суицид осы жас категориясында өлімнің екі негізгі себептерінің бірі болды. Өз-өзіне қол жұмсау қаупін арттыратын психикалық денсаулығына теріс әсер етудің ықтимал бағыттарының бірі ақпараттық технологияны шамадан тыс пайдалану болуы мүмкін. Мақсаты: Шығыс - Қазақстан облысындағы жасөспірімдердің суицидтік белсенділігінің қауіп факторы ретіндегі ақпараттық орта рөлін бағалау. Материалдар мен әдістер: 2015-2019 жж. мамандардың суицидтік әрекеттерді жасаған жасөспірімдермен сұхбаттары, сауалнамалар материалдарында негізінде, Өскемен және Семей ққ., олардың ата-аналарымен (қамқоршыларымен) және мектеп қызметкерлерімен популяциялық бақылаумен үздіксіз көлденең аналитикалық зерттеу жүргізілді. Барлығы 477 суицид әрекеті талданды, соның ішінде 321 - ерлерде және 156 - әйелдерде, орташа жасы - 16,3 ± 1,1 жас. Бақылау тобын жасы-жынысы бірдей 500 адам құрады. Жиілік көрсеткіштерін салыстыру Пирсон χ2 критерийін, сондай-ақ Пирсон критерийлері шектеулі болған жағдайда екі жақты Фишердің нақты тестін қолдану арқылы жүргізілді. Сандық қатарлар Манн-Уитни критерилерін қолданумен салыстыру жүргізілді. Зерттеу нәтижелері: Респонденттермен ақпараттық технологияны қолдану ұзақтығын талдау кезінде оның негізгі топтағы едәуір артық екендігі анықталды. Ақпараттық жүйелерді суициденттер үшін шамадан тыс пайдалану бағытындағы айтарлықтай айырмашылықтар барлық жас және гендерлік кіші топтарда және жалпы көлемі бойынша анықталды. Олар 14-16 жас аралығындағы ең маңызды болды (жасөспірімдер мәліметтері бойынша RR = 1,55 және ата-аналар мәліметтері бойынша RR = 1.49) және ер адамдарда (жасөспірімдерде RR = 1.23 және RR = 1.29) ата-аналар мәліметтері бойынша). Өз-өзіне қол жұмсауға әрекет жасаған кәмелетке толмағандар тобында Интернетке тәуелділік жиілігі едәуір жоғары болды. Бұл айырмашылықтар барлық жас санаттарында да, гендерлік топтарда да байқалды. Бұл 16-18 жас аралығындағыларда барынша анықталды, бұл кезде негізгі топтағы Интернетке тәуелді жасөспірімдердің саны 74,2% жоғары болды. Өз-өзіне қол жұмсауға тырысқан жасөспірімдер тобында депрессиялық/суицидтік контентімен сайттар мен интернет-қауымдастықтарға кіру жиілігінің артуы байқалды. Айырмашылықтар 16-18 жас аралығындағы жас тобында айқын байқалды. Негізгі топтағы ықтимал суицидтік мазмұнды барынша тұтынудың таралуы тіркелмеген. Қорытынды: 1. 18 жасқа толмаған балалар мен жасөспірімдерде суицидтік әрекеттерді жасағандарда тәулігіне ақпараттық жүйелерді қолданудың жалпы ұзақтығы популяциялық бақылауымен салыстырғанда сұрау салғандардың да, олардың ата-аналарының (қамқоршыларының) мәліметтері бойынша да асып түсетіні белгілі болды. 2. Өз-өзіне қол жұмсау мен популяциялық бақылаудың салыстырмалы топтары арасында ықтимал суицидтік және депрессиялық бағыттағы ақпараттық контентті тұтыну жиілігінде айтарлықтай айырмашылықтар анықталған жоқ.
Көрген адамдардың саны: 465

Түйенді сөздер:

Мақалалар санаты: Біртума зерттеулер

Библиографиялық сілтемелер

Калиева А.А., Молдагалиев Т.М., Нурдыбаев А.К., Негай Н.А. Жасөспірімдер суицидалды белсенділігі мен интернет-технологиялар: өңірлік деңгейдегі талдау тәжірибесі // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2020. 1 (Т.22). Б. 88-97. doi:10.34689/SH.2020.22.1.010

Авторизируйтесь для отправки комментариев