ӘЛЕМДЕГІ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЖЕДЕЛ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТУ ЖӘНЕ ПАРАМЕДИКТЕРДІ ДАЙЫНДАУ ЖҮЙЕСІНІҢ АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ. ӘДЕБИ ШОЛУ.
Кіріспе. Парамедик - негізгі міндеті жағдайы ауыр немесе шұғыл болып табылатын науқастарға жедел медициналық көмек көрсететін медицина қазметкері. Біздің зерттеуіміздің мақсаты Қазақстан Республикасында парамедиктер қызметін дамыту стратегиясын жасау үшін, дамыған елдердегі жедел медициналық көмек көрсетудің жағдайын және парамедиктер қызметтерінің сипаттамаларын бағалау мақсатында ғылыми ақпаратты жүйелі түрде іздеу болып табылады.
Іздеу әдістері. Ғылыми мақалалар дәлелді медицина мәліметтер базасында іздестірілді (PubMed, UpToDate, TripDatabase, ResearchGate, GoogleScholar және CyberLeninka. Іздеу сөздері: «парамедик қызметі», «жедел медициналық көмек», «жедел медициналық көмек», «emergency medical services», «paramedic»). Барлығы 387 әдеби көздер табылды, оның ішінде 54 мақала талдауға алынды.
Нәтижелер. Әдеби дереккөздерді талдау Қазақстан мен әлемнің дамыған елдерінде жедел медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастыруды, жедел медициналық көмек деңгейлерін, АҚШ мен Батыс Еуропадағы парамедиктерге арналған оқыту жүйесін және Батыс Еуропа мен АҚШ-дағы парамедиктер жұмысын реттеу тетіктерін сипаттауға мүмкіндік берді.
Қорытынды. Парамедиктер көрсететін жедел медициналық көмек төтенше жағдайларда көмек көрсету кезінде, пандемия кезінде ауруханаға дейінгі кезеңде науқастың өмірін қамтамасыз ету үшін қажет; олар жедел терапиялық және хирургиялық аурулар кезінде жедел көмек көрсете алады; парамедиктерді дайындау жедел медициналық көмек көрсетудің уақыты мен оған кететін қаражат көлемін едәуір азайтуға мүмкіндік береді.
Көрген адамдардың саны: 540
Мақалалар санаты:
Әдебиеттерге шолу
Библиографиялық сілтемелер
Пивина Л.М., Батенова Г.Б., Байбусинова Ж.Т., Манарбеков Е.М., Дюсупов А.А., Уразалина Ж.М., Уйсенбаева Ш.О. Әлемдегі және Қазақстан Республикасындағы жедел медициналық көмек көрсету және парамедиктерді дайындау жүйесінің ағымдағы жағдайын талдау. Әдеби шолу // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2020. 2 (Т.22). Б. 5-15. doi:10.34689/SH.2020.22.2.001Ұқсас жариялымдар:
RADIATION EXPOSURE IN THE SEMIPALATINSK REGION: TRANSGENERATIONAL RISKS AND DOSIMETRY APPROACHES
TRENDS AND PATTERNS OF MALE REPRODUCTIVE SYSTEM DISEASES IN THE CONTEXT OF MEDICAL AND DEMOGRAPHIC INDICATORS. LITERATURE REVIEW
INFECTIOUS COMPLICATIONS OF UROLOGICAL INTERVENTIONS FOR UROLITHIASIS. LITERATURE REVIEW
PREVALENCE OF CHRONIC OBSTRUCTIVE PULMONARY DISEASE AS A GLOBAL HEALTH PROBLEM
THE QUALITY OF LIFE OF PATIENTS WITH COPD. LITERATURE REVIEW