Online ISSN: 3007-0244,
Print ISSN:  2410-4280
ӨКПЕ ОБЫРЫ ДАМУЫНЫҢ ЭПИДЕМИОЛОГИЯСЫ ЖӘНЕ ҚАУІП ФАКТОРЛАРЫ ТУРАЛЫ ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ТҮСІНІК. ӘДЕБИ ШОЛУ
Өзектілігі: Өкпе обыры бүкіл әлемде онкологиялық аурулар мен өлім-жітім құрылымында жетекші орынға ие. Аурушаңдық пен өлім-жітім көрсеткіштері аймақтарға және олардың әлеуметтік-экономикалық даму деңгейіне байланысты өзгеріп отырады. Тұрғындардың өкпе обыры аурушаңдығы мен шылым шегу дәрежесі арасында нақты байланыс бар. Жұмыс мақсаты: Өкпе обырының эпидемиологиясы мен басты қауіп-қатер факторлары туралы соңғы жылдардағы әдебиеттерге шолу жасау. Іздеу әдістері: Басылымдарды басылымдарды іздеу стратегиясы зерттеу тақырыбы бойынша e-Library, Pubmed, Web of Science, Scopus, ScienceDirect электрондық кітапханасының деректер базасында индекстелген әдеби көздерді іздестіруді қамтиды. Шолу жасау үшін соңғы 10 жылдағы, 2010 жылдан 2019 жылдарға дейінгі, басылымдарды зерттедік, түпнұсқа тілі – ағылшын тілі. Шолу рандомизацияланған және когорттық зерттеулер (9), мета талдаулар (8) және жүйелі шолулар (4) туралы есептерден тұратын дереккөздер бойынша жүргізілді. Зерттеуден клиникалық мәселелер, өкпе обырының емі мен асқынулары туралы қайталанған мақалалар, басылымдар, сонымен қатар жеке клиникалық жағдайлар мен есептердің қысқаша түйіндемесі туралы мақалалар алынып тасталды. Барлығы 126 басылымға талдау жасалды, оның ішінде 67 мақала зерттеу мақсаттарына сәйкес келді. Зерттеу нәтижесі: Заманауи тұжырымдамаларға сәйкес, зерттеушілердің көпшілігі өкпе обыры канцерогенезі механизміндегі қауіп-қатер факторы ретінде темекі шегудің жетекші рөлін бөліп көрсетеді және темекі шегу ұзақтығы мен темекі өнімдері арасындағы аурушаңдықтың, өлімнің, тірі қалудың және ісіктің гистологиялық түрінің көрсеткіштері арасындағы нақты байланысты атап өтеді. Темекі шегумен қатар қауіп-қатер факторлары болып кәсіби қауіп факторлары, қоршаған ортаның уытты заттармен ластануы және басқалар саналуы мүмкін. Көптеген авторлар соңғы жылдар әйелдер арасында темекі шегудің өсуін атап өтіп, оларда обыр ауруының таралуының өсуін болжайды. Әйелдерде аденокарцинома жиі диагностикаланады және өкпе обыры бар әйелдердің бес жылдық өмір сүру көрсеткіші ерлерге қарағанда жоғары. Өкпе қатерлі ісігі ауыртпалығын төмендетуге өкілетті органдардың қауіп факторларын бақылауға бағытталған мақсатты құрылған күш-жігері едәуір әсер етеді.
Көрген адамдардың саны: 605

Түйенді сөздер:

Мақалалар санаты: Біртума зерттеулер

Библиографиялық сілтемелер

Мұхамбетжан А.Ж., Уразаева С.Т., Уразаев О.Н., Тусупкалиева К.Ш., Бегалин Т.Б., Аманшиева А.А., Ташимова Ж.К., Кумар Г.Б., Нурмухамедова Ш.М. Өкпе обыры дамуының эпидемиологиясы және қауіп факторлары туралы қазіргі заманғы түсінік. Әдеби шолу // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2020. 2 (Т.22). Б. 27-37. doi:10.34689/SH.2020.22.2.003

Авторизируйтесь для отправки комментариев