ОРТА АЗИЯ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІНЕ ПРОБИОТИКАЛЫҚ ДӘРІЛІК ЗАТТАРДЫҢ КЛИНИКАЛЫҚ ӘСЕРІ
Кіріспе. Негізгі мақсат - таңдалған пробиотикалық штаммдардан (Lactobacillus plantarum, Lactobacillus fermentum, Lactobacillus acidophilus, Bifidobacterium longum, Bifidobacterium bifidum), инулин, пектин және балық коллагенінен тұратын синбиотикалық өнімнің тиімділігін метаболикалық синдром диагнозы қойылған ересек тұрғындар арасында тексеру.
Материалдар мен әдістер. Бұл қосарлы жасырын плацебо-бақыланатын зерттеу 25-тен 75 жасқа дейінгі 180 қатысушылардың арасында жүргізілді. Метаболикалық синдромы бар және жоқ субъектілер синбиотик немесе плацебо қабылдауға кездейсоқ бөлінген. Өнім күн сайын үш ай ішінде қабылданды. 180 қатысушының 134-і зерттеуді аяқтады.
Нәтижелер. Плацебомен салыстырғанда, синбиотиктерді қабылдаған топта ТТЛП мен үшацилглицеридтер деңгейінің төмендеуі есебінен холестериннің (ЖХ) жалпы деңгейі 5,16 ± 0,95-тен 4,86 ± 0,86 ммоль/л-ге дейін (р <0,0005) айтарлықтай төмендеді. Алынған мәліметтер сыналатын синбиотиктің ересектерде артық салмақты бақылауға және зат алмасудың кейбір бұзылыстарын емдеуге оң әсерін дәлелдейді.
Қорытынды. Біз, зерттелетін синбиотиктің метаболикалық синдромның қатерін және үдеуін азайту әлеуеті бар деген қорытындыға келдік. Осы зерттеу артық салмақты бақылауда, сондай-ақ кейбір метаболикалық бұзылыстардың үдеуінде қосымша терапия ретінде синбиотикті қолданудың оң әсерін анықтады.
Көрген адамдардың саны: 476
Мақалалар санаты:
Біртума зерттеулер
Библиографиялық сілтемелер
Кушугулова А.Р., Форсланд С., Кожахметов С.С., Каиров У.Е., Молкенов А.Б., Сергазы Ш.Д., Садуахасова С.А., Уразбаева Г.С, Бейсембаева С.Ш., Карабаева Р.Ж., Бакенова Р.А., Нургожин Т.С., Бенберин В.В., Жумадилов Ж.Ш., Пир Б. Орта Азия тұрғындарының денсаулық көрсеткіштеріне пробиотикалық дәрілік заттардың клиникалық әсері // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2020. 2 (Т.22). Б. 49-60. doi 10.34689/SH.2020.22.2.005Ұқсас жариялымдар:
ОРТА ЖАСТАҒЫ ЖӘНЕ ЕГДЕ ЖАСТАҒЫ АДАМДАРДАҒЫ ДЕНЕ САЛМАҒЫ ИНДЕКСІ МЕН СҮЙЕКТІҢ МИНЕРАЛДЫ ТЫҒЫЗДЫҒЫ АРАСЫНДАҒЫ БАЙЛАНЫС
САРКОИДОЗ ЖӘНЕ ӨКПЕ ТУБЕРКУЛЕЗІ КЕЗІНДЕГІ ГРАНУЛЕМАТОЗДЫ ҚАБЫНУДЫ КЛИНИКА-МОРФОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ МОРФОМЕТРИЯЛЫҚ БАҒАЛАУ
БЕЛСЕНДІ ТУБЕРКУЛЕЗБЕН АУЫРАТЫН АИТВ ЖҰҚТЫРҒАН НАУҚАСТАРДА БАУЫРДЫҢ ДӘРІЛІК ЗАҚЫМДАНУЫ: САЛЫСТЫРМАЛЫ ЗЕРТХАНАЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ СОЗЫЛМАЛЫ ЖҮРЕК ЖЕТКІЛІКСІЗДІГІ БОЙЫНША АУРУЛАРДЫ БАСҚАРУ БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ АСЫРУ НӘТИЖЕЛЕРІ
ИНСУЛИНГЕ ТӨЗІМДІЛІГІ БАР НАУҚАСТАРДА ИНСУЛЬТ КЕЗІНДЕ ІШЕК МИКРОБИОМАСЫНЫҢ СИПАТТАМАСЫ