ЦЕРЕБРОВАСКУЛЯРЛЫҚ АУРУЛАР КЕЗІНДЕГІ ЛЕЙКОЦИТТЕР КӨРСЕТКІШІНІҢ БОЛЖАМДЫҚ МӘНІ
Кіріспе: Цереброваскулярлық аурулар егде жастағы адамдарда жиі кездесетін маңызды неврологиялық аурулардың бірі болып табылады. Сондықтан осы науқастарда алдын-ала болатын болжамды факторларға қарсы күрес жүргізу аурудың ауырлығын төмендетуде маңызды рөл атқарады.
Материалдар мен әдістер. Бұл зерттеуде алты ай ішінде аурухананың неврология бөліміне жатқызылған 98 науқастың ретроспективті бағалауы ұсынылған, науқастардың алғашқы бағалауы шұғыл медициналық көмек бөлімінде жүргізіліп, олар неврология бөліміне жатқызылған. Лейкоциттердің (WBC) саны мен олардың ауруханалық өліммен байланысы зерттелді. Орташа жас мөлшері 73 жаста (37-99 жас), M:F коэффициенті 0,78 құрады.
Нәтижелер: 87 (88,8%) науқаста ишемиялық инсульт диагнозы қойылды, басқа жағдайларда ми қан айналымының геморрагиялық түрі байқалды. Ауруханада өлім-жітім 19,4% -ды құрады, оның 66,3% -ы инсульт салдарынан шығарылды, олардың 14,3% -ында асқынулар мен басқа зардаптар болған жоқ. Орташа WBC ишемиялық инсульт тобында 9.30 ± 3.31 (10 ^ 3 / мкл) және геморрагиялық инсульт тобында 10.05 ± 5.45 (10 ^ 3 / мкл) болды, статистикалық маңызды айырмашылықтар табылған жоқ.
Қорытынды: Қайтыс болған науқастар тобындағы WBC мәні тірі қалған науқастар тобына қарағанда жоғары болды. Тірі қалған науқастар тобында инсульттің зардаптары бар науқастар мен зардаптары жоқ науқастар арасында WBC шкаласында айырмашылықтар болған жоқ. Инсульт түрі мен болжамы арасында ешқандай байланыс табылмады. Лейкоцитоз ишемиялық инсульттің дамуына және нашарлауына ықпал етеді, лейкоциттер деңгейінің жоғарылауы субклиникалық атеросклероздың белгілерімен және ишемиялық инсульт қаупінің жоғарылауымен тәуелсіз байланысты болуы мүмкін. ЖҚЖ ауруы диагнозы қойылған науқастарда лейкоциттердің мөлшерінің жоғарылауы аурудың ауырлығын болжаудың маңызды факторы болып табылады.
Көрген адамдардың саны: 658
Мақалалар санаты:
Біртума зерттеулер
Библиографиялық сілтемелер
Erdem A.B., Çavuş U.Y., Ceylan A., Kaya U., Fatih B., Kavalcı C. Цереброваскулярлық аурулар кезіндегі лейкоциттер көрсеткішінің болжамдық мәні // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2020. 2 (Т.22). Б. 61-65. doi 10.34689/SH.2020.22.2.006Ұқсас жариялымдар:
ОРТА ЖАСТАҒЫ ЖӘНЕ ЕГДЕ ЖАСТАҒЫ АДАМДАРДАҒЫ ДЕНЕ САЛМАҒЫ ИНДЕКСІ МЕН СҮЙЕКТІҢ МИНЕРАЛДЫ ТЫҒЫЗДЫҒЫ АРАСЫНДАҒЫ БАЙЛАНЫС
САРКОИДОЗ ЖӘНЕ ӨКПЕ ТУБЕРКУЛЕЗІ КЕЗІНДЕГІ ГРАНУЛЕМАТОЗДЫ ҚАБЫНУДЫ КЛИНИКА-МОРФОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ МОРФОМЕТРИЯЛЫҚ БАҒАЛАУ
БЕЛСЕНДІ ТУБЕРКУЛЕЗБЕН АУЫРАТЫН АИТВ ЖҰҚТЫРҒАН НАУҚАСТАРДА БАУЫРДЫҢ ДӘРІЛІК ЗАҚЫМДАНУЫ: САЛЫСТЫРМАЛЫ ЗЕРТХАНАЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ СОЗЫЛМАЛЫ ЖҮРЕК ЖЕТКІЛІКСІЗДІГІ БОЙЫНША АУРУЛАРДЫ БАСҚАРУ БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ АСЫРУ НӘТИЖЕЛЕРІ
ИНСУЛИНГЕ ТӨЗІМДІЛІГІ БАР НАУҚАСТАРДА ИНСУЛЬТ КЕЗІНДЕ ІШЕК МИКРОБИОМАСЫНЫҢ СИПАТТАМАСЫ