РАДИОЙОДТЕРАПИЯ ФОНЫНДА ҚАЛҚАНША БЕЗІНІҢ ДИФФЕРЕНЦИАЛДЫ ОБЫРЫМЕН НАУҚАСТАРДАҒЫ ҚАЙТАЛАМА АНЕМИЯСЫНЫҢ ДАМУЫ
Өзектілігі. Қалқанша безінің обыры ең көп таралған эндокриндік обырдардың бірі болып табылады, бұл емдеу процесінде пайда болатын оның ағымы мен асқынуларға байланысты мәселелерді зерттеу өзекті етеді.
Мақсаты. Қалқанша безінің дифференциалды обырымен ауыратын науқастарда радиойодтерапия өткізу кезінде қайталама анемия пайда болуында гипокальциемияның негізгі құндылығын негіздеу.
Материалдар және әдістер. Катамнестикалық деректерде қайталама анемия түріндегі радиойдтерапияның тікелей асқынуларының пайда болуы және дамуы, радикалды хирургиялық ем, радиойодтерапия және гормонотерапия кіретін стандартты схема бойынша емделген қалқанша безінің диагноз қойылған обыры бар 120 пациент зерттелді.
Нәтижелер. Қалқанша безінің обыры бар емделушілерде қандағы Са деңгейінің 2,2 ммоль/л-ден төмендеуі радиойодтерапия жүргізер алдында қайталама анемиялардың даму қаупінің факторы болып табылатыны және олардың пайда болуының алдын алу үшін пациенттің тиісті превентивті дайындығын талап ететіндігі көрсетілген.
Қорытындылар. Жүргізілген зерттеу нәтижесінде гипопаратиреоз аясында гипокальциемиясы бар емделушілерде қайталама анемияның пайда болуы арасында тәуелділік зерттелді және қалқанша безінің обырын арнайы емдеу процесінде радиойодтерапия жүргізер алдында қан кальций деңгейін бақылау қажеттілігі негізделеді.
Көрген адамдардың саны: 381
Мақалалар санаты:
Біртума зерттеулер
Библиографиялық сілтемелер
Радзишевская Е.Б., Радзишевская Я.К., Куксин М., Савченко А.С., Бойко А.Н. Радиойодтерапия фонында қалқанша безінің дифференциалды обырымен науқастардағы қайталама анемиясының дамуы // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2020. 2 (Т.22). Б. 66-71. doi 10.34689/SH.2020.22.2.007Ұқсас жариялымдар:
ОРТА ЖАСТАҒЫ ЖӘНЕ ЕГДЕ ЖАСТАҒЫ АДАМДАРДАҒЫ ДЕНЕ САЛМАҒЫ ИНДЕКСІ МЕН СҮЙЕКТІҢ МИНЕРАЛДЫ ТЫҒЫЗДЫҒЫ АРАСЫНДАҒЫ БАЙЛАНЫС
САРКОИДОЗ ЖӘНЕ ӨКПЕ ТУБЕРКУЛЕЗІ КЕЗІНДЕГІ ГРАНУЛЕМАТОЗДЫ ҚАБЫНУДЫ КЛИНИКА-МОРФОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ МОРФОМЕТРИЯЛЫҚ БАҒАЛАУ
БЕЛСЕНДІ ТУБЕРКУЛЕЗБЕН АУЫРАТЫН АИТВ ЖҰҚТЫРҒАН НАУҚАСТАРДА БАУЫРДЫҢ ДӘРІЛІК ЗАҚЫМДАНУЫ: САЛЫСТЫРМАЛЫ ЗЕРТХАНАЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ СОЗЫЛМАЛЫ ЖҮРЕК ЖЕТКІЛІКСІЗДІГІ БОЙЫНША АУРУЛАРДЫ БАСҚАРУ БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ АСЫРУ НӘТИЖЕЛЕРІ
ИНСУЛИНГЕ ТӨЗІМДІЛІГІ БАР НАУҚАСТАРДА ИНСУЛЬТ КЕЗІНДЕ ІШЕК МИКРОБИОМАСЫНЫҢ СИПАТТАМАСЫ