ВАРИКОЗҒА БАЙЛАНЫСТЫ АШЫҚ ХИРУРГИЯДАН КЕЙІНГІ КОМПРЕССИОНДЫ ТЕРАПИЯ
Кіріспе. Қазіргі уақытта варикозды тамырларға арналған ашық флебэктомиядан кейінгі компрессионды терапияның ұзақтығы әлі анықталмаған. Ашық стриппинг немесе минифлебэктомия жүргізілгеннен кейін емнің тиімділігін арттыру мақсатында 1 аптадан артық қолдану қажеттілігі туралы мәліметтер жоқ, әйтседе, ұзақ қысудың пайдасыздығы туралы мәліметтерде табылмады.
Зерттеу мақсаты. Ашық флебэктомиядан кейін қысу терапиясының оңтайлы уақытын анықтау үшін зерттеу жүргізу.
Зерттеу әдістері. Зерттеу жүргізу үшін ғылыми гипотеза жасалды - ашық флебэктомиядан кейінгі кезеңде тері түсі қалыпына келу және гематомалар резорбциялану уақытыда компрессионды шұлықты кию, жергілікті асқынулар, аяқтың ісінуі және еңбекке жарамсыз уақытқа сәйкес. Науқастар екі топқа рандомизацияланды. Пациенттердің бірінші тобы немесе салыстыру тобы ашық флебэктомиядан кейінгі компрессионды терапия 2 ай болған пациенттерден тұрды. Екінші топты немесе зерттеу тобын флебэктомиядан кейінгі кезеңде тері түсі қалыпына келгенше және гематомалар резорбцияланғанша компрессионды шұлықты киген науқастар құрады. Енгізу критериялары: созылмалы веналық жеткіліксіздік С2 – С3 класс, СЕАР бойынша; үлкен тері асты немесе кіші тері асты венасының айқын, көптеген варикозы; ертеректе үлкен және кіші тері асты венасының тромбофлебитін бастан өтізу; кроссэктомия және үлкен және кіші тері асты венасының стриппингі.
Нәтижелер. Науқастардың 1-ші тобында компрессионды терапия мерзімі 62.486 күнді құрады (95% ДИ 62.099-62.873), науқастардың 2-ші тобында 31,790 күн (95% ДИ 31.559-32.021) (Log Rank = 5.005; p = 0.025). Еңбекке жарамсыздық уақыты 1-ші топта 16,528 күнді құрады (95 % ДИ 16,169-16,888), 2-ші топта 16,760 күнді құрады (95 % ДИ 16,508-17,012) (Log Rank = 1,083; p = 0,298)
Қорытындылар. Ашық флебэктомиядан кейінгі компрессионды терапияның ұзақтығы тері астындағы гематомалардың резорбциясы, көгерулердің көзбен жоғалып кетуі және терінің түсінің қалыпқа келуіне дейін жеткілікті, орта есеппен 1 айға дейін жеткілікті.
Көрген адамдардың саны: 351
Мақалалар санаты:
Біртума зерттеулер
Библиографиялық сілтемелер
Дюсупов А.А., Казымов Е.М., Буланов Б.С., Иманбаев М.Н., Сальменбаев Е.А., Дюсупова А.А., Дюсупова Б.Б., Абылхаиров К.Т. Варикозға байланысты ашық хирургиядан кейінгі компрессионды терапия // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2020. 2 (Т.22). Б. 86-92. doi 10.34689/SH.2020.22.2.010Ұқсас жариялымдар:
ОРТА ЖАСТАҒЫ ЖӘНЕ ЕГДЕ ЖАСТАҒЫ АДАМДАРДАҒЫ ДЕНЕ САЛМАҒЫ ИНДЕКСІ МЕН СҮЙЕКТІҢ МИНЕРАЛДЫ ТЫҒЫЗДЫҒЫ АРАСЫНДАҒЫ БАЙЛАНЫС
САРКОИДОЗ ЖӘНЕ ӨКПЕ ТУБЕРКУЛЕЗІ КЕЗІНДЕГІ ГРАНУЛЕМАТОЗДЫ ҚАБЫНУДЫ КЛИНИКА-МОРФОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ МОРФОМЕТРИЯЛЫҚ БАҒАЛАУ
БЕЛСЕНДІ ТУБЕРКУЛЕЗБЕН АУЫРАТЫН АИТВ ЖҰҚТЫРҒАН НАУҚАСТАРДА БАУЫРДЫҢ ДӘРІЛІК ЗАҚЫМДАНУЫ: САЛЫСТЫРМАЛЫ ЗЕРТХАНАЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ СОЗЫЛМАЛЫ ЖҮРЕК ЖЕТКІЛІКСІЗДІГІ БОЙЫНША АУРУЛАРДЫ БАСҚАРУ БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ АСЫРУ НӘТИЖЕЛЕРІ
ИНСУЛИНГЕ ТӨЗІМДІЛІГІ БАР НАУҚАСТАРДА ИНСУЛЬТ КЕЗІНДЕ ІШЕК МИКРОБИОМАСЫНЫҢ СИПАТТАМАСЫ