Online ISSN: 3007-0244,
Print ISSN:  2410-4280
ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ, СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ЖҮКТІЛЕРДЕ ПРЕЭКЛАМПСИЯНЫҢ ПАЙДА БОЛУ ФАКТОРЛАРЫН АНЫҚТАУ
Кіріспе. Жүктіліктің кез келген мерзімінде пайда болатын мультифакторлы және ұзақ жүретін процестердің бірі - преэклампсия мен эклампсия. Мақсаты. Преэклампсияның предикторын анықтау мақсатында зерттеуге Семей қаласының тұрғындары алынды. Материалдар мен әдістер. Бақылаушы когорттық зерттеу. Зерттеуге айқындалған акушерлік анамнезі бар әйелдер алынды. Көрсеткіштер абсолютті сандармен және пайызбен, сондай-ақ орташа және оның 95% сенімділік интервалымен және стандартты ауытқумен көрсетілген. Гипотизадағы айнымалылар арасындағы статистикалық байланысын тексеру үшін Пирсонның Хи-квадрат критерий (2) қолданылды. Нәтижелері. Жүктіліктің орташа мерзімі 38,3 (±3,61) апта болды. Преэклампсия 3,2% (n=6) зерттеушілерде болса, олардың орташа 34,3 (±3,72)жасты құрады. Зерттеу барсында жас (p=0,015), ұлты (p=0,046), созылмалы артериялық гипертензия (p=0,001), жүктілік арасындағы интервал (p=0,034), анамнезінде «Допегит» препаратын қолдану (p=0,014) және преэклампсияның дамуы арасындағы статистикалық маңыздылығы анықталынды. Қорытынды. Семей қаласының тұрғындарында перэклампсияның пайда болуына әсер ететін негізгі фактор болып жас ерекшелгі, ұлты, преклампсия, гестациялық артериялды гипертензия немесе анамнезінде эклампсияның болуы, соңғы жүктілік арасындағы интервал, анамнезінде допегит қолдануы болды.
Көрген адамдардың саны: 750

Түйенді сөздер:

Мақалалар санаты: Біртума зерттеулер

Библиографиялық сілтемелер

Нургазина А.С., Сләмханова Н.С., Шалгумбаева Г.М. Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласындағы жүктілерде преэклампсияның пайда болу факторларын анықтау // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2020. 2 (Т.22). Б. 109-117. doi 10.34689/SH.2020.22.2.013

Авторизируйтесь для отправки комментариев