ЖҮРЕК ҚАНТАМЫР ЖҮЙЕСІ АУРУЛАРЫНЫҢ ДАМУЫНДАҒЫ ИНФЕКЦИЯЛЫҚ АГЕНТТЕРДІҢ РӨЛІ. ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ.
Кіріспе: Жүрек қантамыр жүйесі аурулары (ЖҚА) дүние жүзі бойынша негізгі өлімділік себебі болып табылады. ЖҚА дамуының негігзі себебі-атеросклероз (АС). Дәстүрлі қауіп факторларының төмендеуіне қарамастан, АС-мен аурушаңдық жоғары болып қалады. Бұл факт АС патогенезіне қатысатын белгісіз факторлардың бар екендігін көрсетеді. Атеросклероздың вирусты және бактериальды инфекцияның дамуына қатысатын созылмалы қабыну жауабымен байланысты екені белгілі. Инфекционды агенттердің атеросклероздың дамуындағы үлесі және соған сәйкес ЖҚА танымалдырақ әрі потенциалды терапиялық мақсатқа айналуы мүмкін.
Мақсаты: Әдебиеттерге сәйкес жүрек қантамыр жүйесі ауруларының қауіп факторлары ретінде атеросклероздың үдеуі мен дамуына инфекциондық факторлардың үлесін жүйелеу және бағалау.
Іздеу стратегиясы: PubMed, The Сochrane Library, Medscape и Google Scholar базасында іздеу жүргізілді. Зерттеуге 2010 жылдан 2020 жылға дейін 10 жыл аралығы алынды. Зерттеу алынғандар: көптеген популяцияға жүргізілген рандомизирленген және когорттық зерттеу есебі; мета-анализдер және жүйелік шолулар; ағылшын және орыс тіліндегі статьялар. Зерттеуге алынбағандар: жалғыз бір жағдайды және жағдайлар сериясын сипаттайтын статьялар, 2010 жылдан бұрын жарияланғандар, дәлелді базасы жоқ материалдар, баяндамалар түйіні, тезистер және газеттегі статьялар. Іздеу барысында 147 ақпарат көзі анықталады, олардың ішінде анығырақ зерттелуге 96 ақпарат көзі таңдалып зерттелінді.
Нәтижелер: Бұл шолуда инфекциялық процестің байланысы мен тамырлы төсектің атеросклеротикалық зақымдалуының дамуы туралы талдау жасалды. Ифекциондық агенттердің атеросклероздық түйіншектердің әрбір кезеңдерінің дамуына және дестабилизациясына әсері анықталды, ЖҚА кезінде инфекцияға қарсы емдеу әрекеттері бағаланды.
Қорытындылар: Атеросклероздық асқынуларың жүрек қантамыр ауруларының дамуына және үдеуіне патогендік микроорганизмдердің инфицирленуінің және тасымалдаушылығының әсері түйінделді. Дегенмен, ЖҚА қарсы инфекциондық емдеу шаралары клиникалық зерттеуде оң нәтиже көрсетпеді.
Көрген адамдардың саны: 362
Мақалалар санаты:
Әдебиеттерге шолу
Библиографиялық сілтемелер
Мадиева М.И., Абильмажинова Г.Д. Жүрек қантамыр жүйесі ауруларының дамуындағы инфекциялық агенттердің рөлі. Әдебиеттерге шолу // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2020. 3 (Т.22). Б. 42-54. doi:10.34689/SH.2020.22.3.007Ұқсас жариялымдар:
RADIATION EXPOSURE IN THE SEMIPALATINSK REGION: TRANSGENERATIONAL RISKS AND DOSIMETRY APPROACHES
TRENDS AND PATTERNS OF MALE REPRODUCTIVE SYSTEM DISEASES IN THE CONTEXT OF MEDICAL AND DEMOGRAPHIC INDICATORS. LITERATURE REVIEW
INFECTIOUS COMPLICATIONS OF UROLOGICAL INTERVENTIONS FOR UROLITHIASIS. LITERATURE REVIEW
PREVALENCE OF CHRONIC OBSTRUCTIVE PULMONARY DISEASE AS A GLOBAL HEALTH PROBLEM
THE QUALITY OF LIFE OF PATIENTS WITH COPD. LITERATURE REVIEW