ХИРУРГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ТРАВМАТОЛОГИЯЛЫҚ ТӘЖІРИБЕДЕ ВЕНОЗДЫҚ ТРОМБОЭМБОЛИЯ. ӘДЕБИ ШОЛУ
Өзектілігі: Бүкіл әлемдегі барлық өлімдердің себептері арасында - веналық тромбоэмболия үшінші орында орналасқан. Мәселеге үлкен көңіл аударғанмен веналық тромбоэмболия ауырлығы, оны кез-келген патология басталуына дейін (онкология, хирургия, босану және басқалар) алдын ала жүргізілген диагностикалық шаралар кезінде анықтау жиілігі өте төмен. Сонымен қатар, бұл патология кезінде арнайы емес жүргізілген іс-әрекеттер нәтижесі төмен, өлім және әр түрлі жақын не алыстаған асқынулар дамуы жиілігі жоғары. Жас және орта жастағы науқастарда басқа негізгі себептер болмаған кезде, веноздық тромбоз және өлімге әкелетін негізгі себептерінің бірі - ұзақ және ауқымды хирургиялық араласулар және травматологиялық операциялар болып саналады.
Жұмыс мақсаты: Шолудың негізгі мақсаты хирургиялық және травматологиялық араласулар кезінде, веноздық тромбоздың алдын алу, емдеу және даму механизмдерін зерттеу туралы замануи ақпарат көздерін іздеу болып табылады.
Іздеу әдістері: PubMed, Medline, Scopus, Trip Database деректер базаларында 7 жыл аралығында шығарылған «веноздық тромбоэмболия», «хирургиядағы веноздық тромбоэмболия», «травматологиядағы веноздық тромбоэмболия», «веноздық тромбоэмболияны алдын-алу», «веноздық тромбоэмболияны емдеу», «веноздық тромбоэмболияның салдары» атты түйінді сөздеріне жауап алу нәтижесінде, алынған бастапқы зерттеулердің, клиникалық зерттеулердің, оның ішінде бақыланатын және рандомизацияланған, жүйелі шолулар мен мета-анализдердің нәтижелерін зерттедік. Хирургиялық тәжирибедегі тромбоэмболияның диагностикасының және емінің заманауи жолдарын анықтайтын баспалар еңгізу критериялары болып табылды, сонымен бірге, акушерлік патология, онкология, жүрек-қантамыр жүйесінің аурулары кезінде тромбоэмболияны баяндайтын баспалар, іздеуден алынды. 782 табылған мақалалардан соңғы зерттеуге 59-ы кірді.
Зерттеу нәтижесі: Веноздық тромбоэмболияның алдын-алу және емдеудің заманауи нұсқаулары, оны тестке дейінгі бағалау шкаласы түрінде қарастырады. Сонымен қатар, бұл шкала тәжирибеде тромбоз қаупі жоғары пациенттер тобын анықтауға әр түрлі шкалалардың ішінде негізгі түрінде қолдануға ұсынылады. Алдыңғы онжылдықтарда, басталған тромбоз критерияларын анықтау мақсатымен жиі қолданылатын тесттердің өзектілігі жоғалғанын ескере отырып, оларды қолдануды тоқтату керек. Тәжірибеде жаңа дәрі-дәрмектердің қолданылуына байланысты, медикаментозды терапияның тәсілдері де өзгеруі керек
Көрген адамдардың саны: 468
Мақалалар санаты:
Әдебиеттерге шолу
Библиографиялық сілтемелер
Исаханова С.А. Хирургиялық және травматологиялық тәжірибеде веноздық тромбоэмболия. Әдеби шолу // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2020. 3 (Т.22). Б. 55-66. doi:10.34689/SH.2020.22.3.008Ұқсас жариялымдар:
RADIATION EXPOSURE IN THE SEMIPALATINSK REGION: TRANSGENERATIONAL RISKS AND DOSIMETRY APPROACHES
TRENDS AND PATTERNS OF MALE REPRODUCTIVE SYSTEM DISEASES IN THE CONTEXT OF MEDICAL AND DEMOGRAPHIC INDICATORS. LITERATURE REVIEW
INFECTIOUS COMPLICATIONS OF UROLOGICAL INTERVENTIONS FOR UROLITHIASIS. LITERATURE REVIEW
PREVALENCE OF CHRONIC OBSTRUCTIVE PULMONARY DISEASE AS A GLOBAL HEALTH PROBLEM
THE QUALITY OF LIFE OF PATIENTS WITH COPD. LITERATURE REVIEW