ИНСУЛЬТТАН КЕЙІНГІ ЕМДЕЛУШІЛЕРДЕ БЕЙІМДІ КИНЕЗИТЕРАПИЯДАҒЫ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ РЕЦИПРОКТЫ НЕЙРОБҰЛШЫҚ ЕТТІК ЭЛЕКТРОСТИМУЛЯЦИЯ
Зерттеудің мақсаты - аяқтың бейімді кинематикасы мен жүру стереотипі қызметін қалпына келтіру үшін мануалды кинезитерапиялық техникасымен (МКТ) бірге қолданылатын нейробұлшық еттік электростимуляция бағдарламасын жасау. Зерттеуге ми инфарктынан (ИГМ) кейінгі ерте қалпына келтіру кезеңінде үш топқа бөлінген 37 пациент қатысты: №1 топ (n =10) стандартты кешенді ем бағдарламасы (СПКТ) бойынша емдеуден өткендер; 2) СПКТ және реципрокты нейробұлшық еттік электростимуляция (РНМЭС) бағдарламасын қамтитын біріктірілген ем қабылдағандар №2 (n=12) пациенттер тобы – «А» бағдарламасы; 3) СПКТ және функционалдық реципрокты нейробұлшық еттік электростимуляция (ФРНМЭС) бағдарламасын қамтитын біріктірілген ем қабылдағандар №3 (n =15) пациенттер тобы – «В» бағдарламасы.
Зерттеу нәтижелерін бағалау Рэнкин шкаласы (МШР), Бартел индексі (АҚ), Ривермид ұтқырлық индексі (ИМР), скандинавтық инсульт шкаласы (SSS), 10 метрлік жүру тестісі (10тх) және аяқтың бейімделген кинематикасын бағалау тестісі (АКНК) бойынша жүргізілді. Алынған нәтижелерді талдау ФРНМЭС-ті қолдану ми инфарктынан кейінгі ерте қалпына келтіру кезеңінде пациенттердің СПКТ тиімділігін 49,15% - ға арттыруға ықпал ететінін анықтады.
Көрген адамдардың саны: 279
Мақалалар санаты:
Біртума зерттеулер
Библиографиялық сілтемелер
Лукашевич В.А., Пономарев В.В., Тарасевич М.И., Живолупов С.А. Инсульттан кейінгі емделушілерде бейімді кинезитерапиядағы функционалдық реципрокты нейробұлшық еттік электростимуляция // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2020. 3 (Т.22). Б. 80-88. doi 10.34689/SH.2020.22.3.010Ұқсас жариялымдар:
ОРТА ЖАСТАҒЫ ЖӘНЕ ЕГДЕ ЖАСТАҒЫ АДАМДАРДАҒЫ ДЕНЕ САЛМАҒЫ ИНДЕКСІ МЕН СҮЙЕКТІҢ МИНЕРАЛДЫ ТЫҒЫЗДЫҒЫ АРАСЫНДАҒЫ БАЙЛАНЫС
САРКОИДОЗ ЖӘНЕ ӨКПЕ ТУБЕРКУЛЕЗІ КЕЗІНДЕГІ ГРАНУЛЕМАТОЗДЫ ҚАБЫНУДЫ КЛИНИКА-МОРФОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ МОРФОМЕТРИЯЛЫҚ БАҒАЛАУ
БЕЛСЕНДІ ТУБЕРКУЛЕЗБЕН АУЫРАТЫН АИТВ ЖҰҚТЫРҒАН НАУҚАСТАРДА БАУЫРДЫҢ ДӘРІЛІК ЗАҚЫМДАНУЫ: САЛЫСТЫРМАЛЫ ЗЕРТХАНАЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ СОЗЫЛМАЛЫ ЖҮРЕК ЖЕТКІЛІКСІЗДІГІ БОЙЫНША АУРУЛАРДЫ БАСҚАРУ БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ АСЫРУ НӘТИЖЕЛЕРІ
ИНСУЛИНГЕ ТӨЗІМДІЛІГІ БАР НАУҚАСТАРДА ИНСУЛЬТ КЕЗІНДЕ ІШЕК МИКРОБИОМАСЫНЫҢ СИПАТТАМАСЫ