Online ISSN: 3007-0244,
Print ISSN:  2410-4280
ШҰҒЫЛ МЕДИЦИНА БӨЛІМШЕСІНДЕ ЖҮРЕК-ӨКПЕ РЕАНИМАЦИЯСЫМЕН БАЙЛАНЫСТЫ АСҚЫНУЛАРДЫ БАҒАЛАУ
Кіріспе: Реанимация әдістері әдетте жүрек қызметі тоқтаған емделушілерде өздігінен қан айналымын қалпына келтіру үшін қолданылады. Алайда, осы реанимациялық іс-шаралар кезінде асқынулар сөзсіз. Мақсаты: Ересектерге арналған шұғыл көмек бөлімшесінде жүрек-өкпе реанимациясынан (ЖӨР) туындаған асқынуларды, сондай-ақ осы асқынуларды бағалау үшін қолданылатын диагностикалық құралдарды бағалау. Әдістері: Бұл проспективалық зерттеу 2012 жылдың 1 маусымынан 2013 жылдың 30 мамырына дейін Анкара қаласының оқу-зерттеу госпиталінің шұғыл медицина бөлімінде жүргізілді. Зерттеуге қатысушылар-ауруханаға жедел жәрдем көлігімен, туыстарымен, достарымен немесе таныстарымен жеткізілген жүректің жарақаттық емес тоқтауы бар 18 жастан асқан пациенттер. Сондай-ақ, зерттеуге бөлімшеде емдеу кезінде жүрек тоқтауы пайда болған пациенттер енгізілген.. Нәтижелер: Зерттеуге 136 пациент енгізілді, оның ішінде 59 әйел (43,4%) және 77 ер адам (56,6%) жүрек тоқтаған. Спонтанды қан айналымының қалпына келуі 62 пациентте (45,6%) байқалды, ал 74 пациентте (54,4%) қайтыс болды деп танылды. Қабырғалардың сынуы пациенттердің 36,7% - да, төс сынуы 33,8% - да, пневмоторакс 2,9% - да және бауырдың зақымдануы 0,7% - да анықталды. Қабырғалар сынықтарының тек 30,9% - ы ғана кеуде қуысының рентгенографиясы арқылы анықталғанына қарамастан, кеуде қуысының рентгенографиясы ультрадыбыстық зерттеуден (р<0,005) асып түседі. Қабырға сыну диагнозы кеуде қуысының аралас рентгенографиясында және УДЗ 19,8% - да қол жеткізілген. Қорытынды: ЖӨР-ның ең жиі асқынуы қабырға мен төстің сынуы болып табылатыны анықталды. Нәтижелер сондай-ақ, кеуде рентгенографиясын және УДЗ ұштастыра отырып, ЖӨР-мен байланысты асқынуларды бағалау диагностиканың дәлдігін арттыра алады.
Көрген адамдардың саны: 1110

Түйенді сөздер:

Мақалалар санаты: Біртума зерттеулер

Библиографиялық сілтемелер

Чифтчи Х., Айдын Я.Й. Эркек А., Вурал С., Рамадан Х., Кошкун Ф. Шұғыл медицина бөлімшесінде жүрек-өкпе реанимациясымен байланысты асқынуларды бағалау // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2020. 3 (Т.22). Б. 98-104. doi 10.34689/SH.2020.22.3.012

Авторизируйтесь для отправки комментариев