БАЛАЛАР КАРДИОХИРУРГИЯЛЫҚ БӨЛІМІНДЕГІ БАКТЕРИЯЛАРДЫҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ
Осы зерттеудің мақсаты балалар кардиохирургиясы бөлімшесінде жүрекке және ірі тамырларға ота жүргізілгеннен кейінгі инфекциялық асқынулардың негізгі қоздырғыштарының бактериалдық құрылымын және антибиотикке төзімділігінің деңгейін анықтау болып табылады.
Әдістер: 2010 мен 2019 жылдар аралығында балалар кардиохирургиясы бөлімшесінің пациенттерінен алынған 2816 клиникалық үлгілердің (қан культурасы, жара бөліндісі, тыныс жолдары, орталық веноздық катетер, трахеобронхиалды ағаштан алынған катетер және т.б.) проспективті микробиологиялық зерттеуі жүргізілді. Оқшауланған изоляттардың анықтау және олардың антибиотиктерге сезімталдығын анықтау Vitek 2 - Compact автоматты микробиологиялық анализаторында жүргізілді.
Нәтижелер: Зерттеу бойынша кезеңіндегі жиі қоздырғыштар анықталды: оқшауланған микроорганизмдердің жалпы санынан Pseudomonas aeruginosa - 19,7%, Klebsiella pneumoniae - 16%, Staphylococcus aureus - 13,2%, Acinetobacter baumannii - 8,8% құрады. Динамикада Ps.aeruginosa үшін 16,1% -дан 30,2% -ға дейін (p = 0.048), K.pneumoniae үшін 7,5% -дан 19,3% -ке дейін (p = 0.014) анықтау жиілігінің жоғарылауы белгіленеді. Бұл штаммдар III-IV буынды цефалоспориндерге, хинолондар мен карбапенемдерге қарсы төзімділігінің едәуір артуы тенденциясын көрсетеді.
Қорытынды: балалар кардиохирургиясы бөлімшесінде Ps.aeruginosa және K.pneumoniae штамдарының анықталу жиілігі мен олардың төзімділігінің артуы медициналық персоналдың тиісті гигиенасын, микробиологиялық мониторинг пен ауруханаішілік бақылауды қосатын жақсы құрастырылған инфекциялық бақылау стратегиясын жасау қажет етеді де, бұл нозокомиялдық инфекцияларға шалдығу қаупін азайтуға мүмкіндік береді.
Көрген адамдардың саны: 432
Мақалалар санаты:
Біртума зерттеулер
Библиографиялық сілтемелер
Бисенова Н.М., Ергалиева А.С. Балалар кардиохирургиялық бөліміндегі бактериялардың тұрақтылығы // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2020. 3 (Т.22). Б. 105-110. doi 10.34689/SH.2020.22.3.013Ұқсас жариялымдар:
ОРТА ЖАСТАҒЫ ЖӘНЕ ЕГДЕ ЖАСТАҒЫ АДАМДАРДАҒЫ ДЕНЕ САЛМАҒЫ ИНДЕКСІ МЕН СҮЙЕКТІҢ МИНЕРАЛДЫ ТЫҒЫЗДЫҒЫ АРАСЫНДАҒЫ БАЙЛАНЫС
САРКОИДОЗ ЖӘНЕ ӨКПЕ ТУБЕРКУЛЕЗІ КЕЗІНДЕГІ ГРАНУЛЕМАТОЗДЫ ҚАБЫНУДЫ КЛИНИКА-МОРФОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ МОРФОМЕТРИЯЛЫҚ БАҒАЛАУ
БЕЛСЕНДІ ТУБЕРКУЛЕЗБЕН АУЫРАТЫН АИТВ ЖҰҚТЫРҒАН НАУҚАСТАРДА БАУЫРДЫҢ ДӘРІЛІК ЗАҚЫМДАНУЫ: САЛЫСТЫРМАЛЫ ЗЕРТХАНАЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ СОЗЫЛМАЛЫ ЖҮРЕК ЖЕТКІЛІКСІЗДІГІ БОЙЫНША АУРУЛАРДЫ БАСҚАРУ БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ АСЫРУ НӘТИЖЕЛЕРІ
ИНСУЛИНГЕ ТӨЗІМДІЛІГІ БАР НАУҚАСТАРДА ИНСУЛЬТ КЕЗІНДЕ ІШЕК МИКРОБИОМАСЫНЫҢ СИПАТТАМАСЫ