Online ISSN: 3007-0244,
Print ISSN:  2410-4280
1-ШІ КУРСҚА ИНТЕГРАЦИЯЛАНҒАН БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫН ЕНГІЗУ ТӘЖІРИБЕСІ МЕН ҚАШЫҚТЫҚ ЖҮЗІНДЕГІ ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІЛІГІН БАҒАЛАУ
Кіріспе. Қазіргі уақытта медициналық білім беру үдерісінің дәстүрлі ұйымдастырылуынан алыстап, реформалар жүргізіліп жатыр. Бұл негізгі және клиникалық ғылымдардың бірігуі арқылы пән аралық бағытта жүзеге асып жатыр [1]. Соңғы жылдары медициналық білім беру жүйесі дәстүрлі оқыту формаларынан қашықтық жүзінде оқытуды қолданатын әдістерге көшті [2]. Жаңа коронавирустық пандемия (SAR-CoV2) бүкіл әлемдегі медициналық білім жүйесінің дұрыс қалыптаспай жүруіне әкеп соқтырды [3]. Медициналық мектептер онлайн жүзінде оқыту мен бағалау әдістерін өзгерту арқылы бейімделді [4,5,6]. Біз, негізінен, «Семей Медицина университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамында интеграцияланған білім беру бағдарламасын енгізу тәжірибесін және COVID-19 пандемиясының нәтижесінде қашықтықтан оқыту форматына көшу тәжірибесін ұсынамыз. Зерттеудің мақсаты: жаңа коронавирустық инфекцияның пандемиясына байланысты «Семей Медицина университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамында интеграцияланған білім беру бағдарламасының үлгісін сипаттау, студенттер мен оқытушылардың онлайн-сауалнамасы арқылы қашықтықтан оқытудың тиімділігіне талдау жасау. Материалдар мен әдістер: Біріктірілген бірінші жылдық білім беру бағдарламасына ретроспективті талдау жүргізілді, сонымен қатар «Жалпы медицина» факультетінің 275 студенті мен 120 оқытушыға онлайн сауалнама жүргізілді. Студенттерге арналған сауалнамада қашықтықтан оқытудың сапасы туралы сұрақтар болды: ұйымдастыру, мазмұны, оқу және бейне материалдармен қамтамасыз ету, оқу процесін бағалау, сыныптағы сабақтармен салыстыру мен ұсыныстар енгізу. Мұғалімдерге арналған сауалнамада қашықтықтан оқытудың жағымды және жағымсыз жақтары туралы сұрақтар болған. Нәтижелер: Сауалнама нәтижелерін талдау кезінде студенттердің 84%-ы қашықтықтан оқыту сапасына толықтай қанағаттанатынын, 12%-ы ішінара, ал 4%-ы қанағаттанбайтындығын көрсетті. Бірінші курс оқытушыларының 55% -ы жұмыс қарқынын бірдей деңгейде ұстады; 22,5%-ы - қашықтықтан оқытуға көшкеннен кейін жұмыс сапасы нашарлайтынын айтты; ал 15%-ы жауап беруге қиналды; Қашықтық жүзінде істейтін қызметкерлердің 7,5%-ы жұмыс орнындағыға қарағанда қашықтықтан жұмыс жасау жақсы деп есептейді. Қорытындылар: Интеграцияланған білім беру бағдарламасын енгізу Семей медициналық университетінің түлектерінің оқыту сапасын арттырады, ал қашықтықтан оқыту бойынша кері байланыс нәтижелері болашақта интернеттегі оқыту әдістемесін жақсартады
Көрген адамдардың саны: 400

Түйенді сөздер:

Мақалалар санаты: Біртума зерттеулер

Библиографиялық сілтемелер

Узбекова С.Е., Маукаева С.Б., Оразалина А.С., Узбeкoв Д.E., Жүнісов Е.Т. 1-ші курсқа интеграцияланған білім беру бағдарламасын енгізу тәжірибесі мен қашықтық жүзіндегі оқытудың тиімділігін бағалау // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2020. 3 (Т.22). Б. 127-133. doi 10.34689/SH.2020.22.3.016

Авторизируйтесь для отправки комментариев