Online ISSN: 3007-0244,
Print ISSN:  2410-4280
ЭНДОВАСКУЛЯРЛЫ СТЕНДТЕУДЕН КЕЙІН ПАЙДА БОЛАТЫН ТӘЖ АРТЕРИЯЛАР РЕСТЕНОЗЫ МӘСЕЛЕСІНІҢ ЗАМАНАУИ ЖАҒДАЙЫ: ӘДЕБИЕТТІК ШОЛУ.
Кіріспе: Бүгінгі таңда жүректің ишемиялық ауруы (ЖИА) кезінде жиі қолданылатын емнің инвазивті әдістерінің бірі тері арқылы жүргізілетін коронарлық араласулар (ТАА) болып табылады. ТАА технологияларының үнемі жетілдірілуіне қарамастан рестеноз дамуының жиілігі әлі де жоғары деңгейде, 15-57% құрайды. Алайда, окклюзия субстраты әдетте атеросклероз емес, фиброз болып табылады, және ол өз кезегінде қайта реаканализация жүргізілуін қиындатып, қан ағысын қалпына келтірудің техникалық мүмкіндігін төмендетеді. Дер кезінде жүргізілетін диагностика рестенозды ерте анықтау және оны қалпына келтіру мақсаты ретінде тәжірибелік медицинаның маңызды мәселелерінің бірі болып табылады, орын алған жағдай бұл мәселеге ғылыми және тәжірибелік қызығушылықты туғызып, осы зерттеуді жүргізуге негіз болып табылады. Мақсаты: әдебиеттік шолу мәліметтері бойынша эндоваскулярлы стендтеуден кейін орын алатын тәж артериаялары рестенозы мәселесін заманауи зерделеу. Ізденіс стратегиясы: MEDLINE, Google Scholar, Cyberleninka, Springer Link мәліметтер қорлары және eLIBRARY электронды кітапханасының мақалаларының ізденісі және талдауы жүргізілді. Ізденіс мерзімі 2012 жылдан бастап 2020 жылға дейін. Зерттеу жұмысына қосу критерийлері: рандомизирленген және когортты зерттеулер есептері, жүйелі шолу және мета-талдау, диагностика және ем хаттамалары, ағылшын және орыс тілдеріндегі мақалалар. Шығу критерийлері: жеке хабарландырулар, газет басылымдары, рефераттар, анық емес тұжырымдары бар мақалалар, сонымен қатар ақылы қол жетімді мақалалар. Барлығы 153 мақала талданып, оның ішінен 66-і осы шолуға кірді. Нәтижесі: Бүгінгі таңда тәж артериялары рестенозына байланысты бірнеше ғылыми жұмыстарының нәтижелері басылып шыққан. Бірақ көп зерттеу жұмыстары реваскуляризация әдісін таңдау мәселесіне арналған, тәж артерияларын стендтау отасынан кейін рестеноз даму қаупінің нақты «иерархиясы» жоқ. Қорытынды: Бұл бағытта жүргізілетін зерттеу жұмысы тәж артериялары рестенозының дамуына әсер ететін жеке және қосарланған қауіп факторларының әсерін бағалап қана қоймай, қайталамалы коронарография және реваскуляризация жүргізуге көрсеткіштерді уақытылы анықтауға, рестеноздың жоғары қауіпі бар науқастарды іріктеп алуға арналған нұсқаулықтарды қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Көрген адамдардың саны: 412

Түйенді сөздер:

Мақалалар санаты: Әдебиеттерге шолу

Библиографиялық сілтемелер

Землянская Н.С., Дербисалина Г.А., Арипов М.А., Землянский В.В. Эндоваскулярлы стендтеуден кейін пайда болатын тәж артериялар рестенозы мәселесінің заманауи жағдайы: әдебиеттік шолу // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2020. 4 (Т.22). Б. 32-48. doi:10.34689/SH.2020.22.4.004

Авторизируйтесь для отправки комментариев