ҚАЗАҚСТАНДА ТАРАЛҒАН ДӘРІГЕ-ТӨЗІМДІ M. TUBERCULOSIS КЛИНИКАЛЫҚ ИЗОЛЯТТАРЫН ГЕНОТИПТЕУ
Туберкулез, әсіресе дәріге-төзімді туберкулез Қазақстанда медицинаның өзекті мәселелерінің бірі болып қалуда. Мультирезистентті туберкулезбен ауру көрсеткіштері біздің мемлекетімізде 12 жыл ішінде 8 есеге көбейді, 2003 және 2015 жылдар аралығында 100000 халыққа 1,7-ден 13,5-ке көбейді. Әр түрлі мемлекеттердегі зерттеулердің мәліметтері бойынша, Beijing M.tuberculosis тұқымдасының штаммдары дәрілік төзімділікпен ассоциацияланған, әсіресе мультирезистентті туберкулезбен. Жұмыстың мақсаты: Қазақстанда таралған 192 дәріге-төзімді M.tuberculosis клиникалық изоляттарын сполиготиптеу әдісімен генотиптеу және дәрілік төзімділік пен Beijing M.tuberculosis генотипінің арасындағы байланысты анықтау. Сполиготиптеу нәтижелері W-Beijing генотипі дәріге-төзімді M.tuberculosis штаммдарының арасында ең кең таралған генотип екенін көрсетті (74,48%). Beijing M.tuberculosis генотипінің дәрілік төзімділікпен байланысын анықтау аталған генотиптің 50% жоғары жағдайында полирезистентті (70,9%) және мультирезистентті (87,75%) изоляттардың арасында кездесетінін көрсетті.
Көрген адамдардың саны: 379
Мақалалар санаты:
Біртума зерттеулер
Библиографиялық сілтемелер
Кожамкулов У.А., Ахметова А.Ж., Бисмилда В.Л., Чингисова Л.Т., Акильжанова А.Р. Қазақстанда таралған дәріге-төзімді M. Tuberculosis клиникалық изоляттарын генотиптеу // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2020. 4 (Т.22). Б. 71-79. doi 10.34689/SH.2020.22.4.007Ұқсас жариялымдар:
ОРТА ЖАСТАҒЫ ЖӘНЕ ЕГДЕ ЖАСТАҒЫ АДАМДАРДАҒЫ ДЕНЕ САЛМАҒЫ ИНДЕКСІ МЕН СҮЙЕКТІҢ МИНЕРАЛДЫ ТЫҒЫЗДЫҒЫ АРАСЫНДАҒЫ БАЙЛАНЫС
САРКОИДОЗ ЖӘНЕ ӨКПЕ ТУБЕРКУЛЕЗІ КЕЗІНДЕГІ ГРАНУЛЕМАТОЗДЫ ҚАБЫНУДЫ КЛИНИКА-МОРФОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ МОРФОМЕТРИЯЛЫҚ БАҒАЛАУ
БЕЛСЕНДІ ТУБЕРКУЛЕЗБЕН АУЫРАТЫН АИТВ ЖҰҚТЫРҒАН НАУҚАСТАРДА БАУЫРДЫҢ ДӘРІЛІК ЗАҚЫМДАНУЫ: САЛЫСТЫРМАЛЫ ЗЕРТХАНАЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ СОЗЫЛМАЛЫ ЖҮРЕК ЖЕТКІЛІКСІЗДІГІ БОЙЫНША АУРУЛАРДЫ БАСҚАРУ БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ АСЫРУ НӘТИЖЕЛЕРІ
ИНСУЛИНГЕ ТӨЗІМДІЛІГІ БАР НАУҚАСТАРДА ИНСУЛЬТ КЕЗІНДЕ ІШЕК МИКРОБИОМАСЫНЫҢ СИПАТТАМАСЫ