РАДИАЦИЯЛЫҚ ӘСЕРГЕ ҰШЫРАҒАН АРТЕРИЯЛЫҚ ГИПЕРТЕНЗИЯСЫ БАР ПАЦИЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН ПРЕВЕНТИВТІ МЕДИЦИНА МЕКТЕБІНДЕ ОҚЫТУ ТИІМДІЛІГІ
Кіріспе: салауатты өмір мен мінез-құлық салтын насихаттауға бағытталған медициналық консультация беру радиациялық әсерге ұшыраған адамдарда артериялық гипертензияның (АГ) даму қауіптерін едәуір төмендетіп, оның жетекші себептерін жоя алады. Емдеуге бейілділік терапиялық оқытуды жүргізу кезінде айтарлықтай жоғарлайды.
Мақсаты: радиациялық әсерге ұшыраған артериялық гипертензиясы бар пациенттерге арналған превентивті медицина мектебінің тиімділігін бағалау.
Материалдар және әдістер: 2015-2017 жылдардың ішінде АГ-ға шалдыққан науқастарға арналған превентивті медицина мектебін ұйымдастыру аясында РМЭ ҒЗИ-дың оңалту орталығы базасында терапиялық оқыту бойынша 24 дәріс циклы өткізілді. Зерттеу 403 пациентті қамтыды, оның 202-сі негізгі топқа және 201-і бақылау тобына енді. 3 ай, 6 ай және бір жылдан кейін АҚ-ға, холестерин деңгейіне, ДМИ-не, емдеуге бейілділігіне, мазасыздану мен күйзеліс деңгейіне мониторинг жүргізілді. Зерттеу дизайны: тарихи бақылау жүргізілетін бақыланатын клиникалық зерттеу. Статистикалық өңдеу: IBM SPSS Statistics 20.
Нәтижелер: сәулеленуден кейін 6 айдың ішінде емдеуге бейілділік көрсеткішінің статистикалық тұрғыда 6,0-ден 11,9%-ке дейін едәуір жоғарлауы, тұрақты түрде жоғары АҚ-ы бар адамдардың үлес салмағының 3 айдан соң 60,8%-тен 47,2%-ке дейін төмендеуі белгіленді, осы көрсеткіштердің бақылау тобының көрсеткіштерінен статистикалық тұрғыда маңызды айырмашылықтары белгіленді (р<0,05). Араласу басталғаннан кейін алты айдан соң күйзеліс пен мазасыздану белгілерінің, сондай-ақ бақылау тобынан статистикалық маңызды айырмашылықтары болған коронарлық асқынулар қаупінің статистикалық тұрғыда айтарлықтай төмендеуі байқалды.
Қорытынды: АГ-ға шалдыққан науқастарға арналған превентивті медицина мектебін кеңінен енгізу қажеттілігі денсаулық сақтау саласының бастапқы буын деңгейінде АГ-ны уақытында түзету және асқынуларын алдын алу маңыздылығына негізделген.
Көрген адамдардың саны: 421
Мақалалар санаты:
Біртума зерттеулер
Библиографиялық сілтемелер
Дюсенова Л.Б., Пивина Л.М., Белихина Т.И., Жунусова Т. Радиациялық әсерге ұшыраған артериялық гипертензиясы бар пациенттерге арналған превентивті медицина мектебінде оқыту тиімділігі // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2020. 4 (Т.22). Б. 86-96. doi 10.34689/SH.2020.22.4009Ұқсас жариялымдар:
ОРТА ЖАСТАҒЫ ЖӘНЕ ЕГДЕ ЖАСТАҒЫ АДАМДАРДАҒЫ ДЕНЕ САЛМАҒЫ ИНДЕКСІ МЕН СҮЙЕКТІҢ МИНЕРАЛДЫ ТЫҒЫЗДЫҒЫ АРАСЫНДАҒЫ БАЙЛАНЫС
САРКОИДОЗ ЖӘНЕ ӨКПЕ ТУБЕРКУЛЕЗІ КЕЗІНДЕГІ ГРАНУЛЕМАТОЗДЫ ҚАБЫНУДЫ КЛИНИКА-МОРФОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ МОРФОМЕТРИЯЛЫҚ БАҒАЛАУ
БЕЛСЕНДІ ТУБЕРКУЛЕЗБЕН АУЫРАТЫН АИТВ ЖҰҚТЫРҒАН НАУҚАСТАРДА БАУЫРДЫҢ ДӘРІЛІК ЗАҚЫМДАНУЫ: САЛЫСТЫРМАЛЫ ЗЕРТХАНАЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ СОЗЫЛМАЛЫ ЖҮРЕК ЖЕТКІЛІКСІЗДІГІ БОЙЫНША АУРУЛАРДЫ БАСҚАРУ БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ АСЫРУ НӘТИЖЕЛЕРІ
ИНСУЛИНГЕ ТӨЗІМДІЛІГІ БАР НАУҚАСТАРДА ИНСУЛЬТ КЕЗІНДЕ ІШЕК МИКРОБИОМАСЫНЫҢ СИПАТТАМАСЫ