ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ІШЕКТІҢ ҚАБЫНУ АУРУЛАРЫМЕН БАЙЛАНЫСТЫ ҚОРШАҒАН ОРТА ФАКТОРЛАРЫН АНЫҚТАУ: ОҚИҒА-БАҚЫЛАУ ЗЕРТТЕУІ
Кіріспе. Батыс елдерінде ішектің қабыну ауруларының (ІҚА) даму қаупіне қоршаған орта факторларының әсері туралы көптеген зерттеулер бар, бірақ Қазақстанда мұндай зерттеулердің жоқтың қасы.
Мақсаты: Қазақстан тұрғындары арасында ІҚА байланысты қоршаған орта қауіп-қатер факторларын зерттеу.
Зерттеу материалдар мен әдістері. ІҚА-қатер байланысты қауіп-қатер факторларын «оқиға-бақылау» зерттеуі Қазақ кардиология және ішкі медицина ғылыми-зерттеу институтында сауалнама қолдану арқылы жүргізілді. Сауалнама 2019 жылдың қазанынан 2020 жылдың қаңтарына дейін жүргізілді. Зерттеуге ІҚА ауруы бар 65 пациент және осы патологиясыз 173 респондент қатысты. Қауіп факторлары мен ІҚА болуы арасындағы байланысты анықтау үшін логистикалық регрессия процедурасы қолданылды, нәтижелерді бағалау 95% сенімділік аралығымен (CА) берілген шанстар қатынасы (ШҚ) арқылы жүргізілді.
Нәтижелер. Уақтылы ас қабылдамау (p = 0.043; ШҚ = 3.61 [95% CА: 1.04-12.51]), балық және теңіз өнімдерін тұтыну (p = 0.000; ШҚ = 15, 77 [95% CА: 4.56-54.59]), мұздатылған жартылай дайын тағамдарды тұтыну (p = 0.018; ШҚ = 4.62 [95% CА: 1.3-16.4]), ет өнімдеріне негізделген тамақтану (p = 0.029; ШҚ = 3,2 [95% CА: 1.13–9.2]), аспириннен басқа стероидты емес қабынуға қарсы препараттар тұтыну (p = 0.031; ШҚ = 3.79 [95% CА: 1.13-12.69]) және темекі шегу (p = 0.008; ШҚ = 4.93 [95% CА: 1.52-15.98]) ІҚА даму қаупін арттыратыны анықталды. Керісінше, қазақ ұлты (p = 0.011; ШҚ = 0.18 [95% CА: 0.05-0.68]), сүтті тұтыну (p = 0.000; ШҚ = 0.08 [95% CА: 0, 02-0.31]), алкогольді ішімдіктерді тұтыну (p = 0.000; ШҚ = 0.04 [ 95% CА: 0.01-0.16]), балалардағы вирустық инфекциялар (p = 0.042; ШҚ = 0.52 [95% CА: 0.27-0.98]) ІҚА кезінде протективті фактор болып танылды.
Қорытынды. Біздің зерттеуіміз қоршаған орта факторлары ІҚА даму қаупінің өзгергіштігінде маңызды рөл атқаратынын анықтады.
Көрген адамдардың саны: 485
Мақалалар санаты:
Біртума зерттеулер
Библиографиялық сілтемелер
Уалиева А., Ошибаева А., Кайбуллаева Д. Қазақстандағы ішектің қабыну ауруларымен байланысты қоршаған орта факторларын анықтау: оқиға-бақылау зерттеуі // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2020. 4 (Т.22). Б. 97-104. doi 10.34689/SH.2020.22.4.010Ұқсас жариялымдар:
ОРТА ЖАСТАҒЫ ЖӘНЕ ЕГДЕ ЖАСТАҒЫ АДАМДАРДАҒЫ ДЕНЕ САЛМАҒЫ ИНДЕКСІ МЕН СҮЙЕКТІҢ МИНЕРАЛДЫ ТЫҒЫЗДЫҒЫ АРАСЫНДАҒЫ БАЙЛАНЫС
САРКОИДОЗ ЖӘНЕ ӨКПЕ ТУБЕРКУЛЕЗІ КЕЗІНДЕГІ ГРАНУЛЕМАТОЗДЫ ҚАБЫНУДЫ КЛИНИКА-МОРФОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ МОРФОМЕТРИЯЛЫҚ БАҒАЛАУ
БЕЛСЕНДІ ТУБЕРКУЛЕЗБЕН АУЫРАТЫН АИТВ ЖҰҚТЫРҒАН НАУҚАСТАРДА БАУЫРДЫҢ ДӘРІЛІК ЗАҚЫМДАНУЫ: САЛЫСТЫРМАЛЫ ЗЕРТХАНАЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ СОЗЫЛМАЛЫ ЖҮРЕК ЖЕТКІЛІКСІЗДІГІ БОЙЫНША АУРУЛАРДЫ БАСҚАРУ БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ АСЫРУ НӘТИЖЕЛЕРІ
ИНСУЛИНГЕ ТӨЗІМДІЛІГІ БАР НАУҚАСТАРДА ИНСУЛЬТ КЕЗІНДЕ ІШЕК МИКРОБИОМАСЫНЫҢ СИПАТТАМАСЫ