ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ МЕДИЦИНА САЛАСЫНЫҢ ӘРТҮРЛІ БАҒЫТЫНДАҒЫ ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚАТЕЛЕРІНІҢ ПАЙДА БОЛУ ҚАУПІН БАҒАЛАУ
Тақырыптың өзектілігі. Медициналық тұрғыдан алғанда «медициналық қателік» - бұл объективті және субъективті себептер бойынша клиникалық хаттама аясында қажетті диагностикалық шараны немесе емдеуді жүргізудің мүмкін еместігі болып табылады. Медициналық қателіктердің көп бөлігі медицина қызметкерлерінің кәсіби деңгейінің төмендігінен емес, дәрігерлер мен науқастар арасындағы қарым-қатынастың бұзылуынан және олардың арасындағы келіспеушіліктердің салдарынан болатындығын ескеру маңызды, сондықтан медициналық қателіктердің пайда болу қаупін зерттеу әрқашан өзекті мәселе болып қала береді.
Жұмыстың мақсаты. Шығыс Қазақстан облысының медицина саласының әртүрлі бағытындағы дәрігерлердің медициналық қателіктерінің пайда болу қауіптерін бағалау.
Зерттеу материалдар мен әдістері. Денсаулық сақтау саласындағы қолданыстағы заңнамаға, сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің (ШҚО ТҚСҚБД) 2014-2018 жылдар кезеңіндегі жылдық есептеріне талдау жасалды.
Зерттеу нәтижелері. ШҚО ТҚСҚБД-ның жылдық есептерін мамандықтар бойынша бөліп талдау нәтижесінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне сәйкес 2014-2018 ж.ж. жетекші орындарда келесі дәрігерлердің қатысуымен сараптамалардың жетекші орын алатындығы анықталды: терапевттер - 199 жағдай (23,69%), хирургтар - 149 жағдай (17,74%) және акушер-гинекологтар 115 (13,69%). Невропатолог, неонатолог және травматолог сынды мамандар да сараптамаларға 96 (11,43%), 58 (6,90%), 46 (5,48%) жағдайларда жиі тартылған. Сонымен қатар, барлық бөлімдерде «сапасыз емдеу», «еңбекке уақытша жарамсыздық парақшасын берудің негізділігі», «этика және деонтология нормаларын бұзу», «науқастан пара алу» сияқты көптеген үндеулер бар. Айта кететін жайт, сараптамалардың көп бөлігі сарапшы дәрігердің үкімінде «негізсіз» деп танылды, ал жеке және заңды тұлғалардың «негізделген» және «жартылай негізделген» үндеулері тең үлестермен тіркелді.
Қорытынды. Қорытындылай келе, зерттеу нәтижесі бойынша стационарлық және амбулаторлық деңгейдегі терапиялық, хирургиялық көмекті алатын науқастарға ең көп назар аудару қажет екендігі анықталды. Көрсетілетін қызметтердің сапасы және уақытша еңбекке жарамсыздық парақтарын беру медициналық мекемелерде бірнеше кезеңде бақылануы тиіс, бұл осы себептерге байланысты берілетін өтініштер санын азайтуға мүмкіндік береді. Этика және деонтология барлық мамандықтар бойынша өзекті мәселе болып қала береді, сондықтан психологтар немесе психотерапевтердің тартылуымен кезеңді профилактикалық әңгімелер, тренингтер жүргізу медициналық мекемелер жұмысының әр кезеңінде дәрігер мен науқас арасындағы өзара қарым-қатынас процесін жақсартуға және науқастың барлық үміттерін қанағаттандыруға көмектеседі.
Көрген адамдардың саны: 1383
Мақалалар санаты:
Біртума зерттеулер
Библиографиялық сілтемелер
Андреева О.Б., Адылханов Т.А., Рахманкулова А.М., Уағызханқызы Ж., Саяпина Е.С., Қабыкенова М.Е., Ерғалиева К.Н., Әсемжанова Ә.Е., Боранбаева Ж.М., Тұрсымбаева Т.А., Калдыкулова А.Ж., Камаданова Д.Е. Шығыс Қазақстан облысының медицина саласының әртүрлі бағытындағы дәрігерлердің медициналық қателерінің пайда болу қаупін бағалау // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2020. 3 (Т.22). Б. 105-118. doi 10.34689/SH.2020.22.4.011Ұқсас жариялымдар:
ОРТА ЖАСТАҒЫ ЖӘНЕ ЕГДЕ ЖАСТАҒЫ АДАМДАРДАҒЫ ДЕНЕ САЛМАҒЫ ИНДЕКСІ МЕН СҮЙЕКТІҢ МИНЕРАЛДЫ ТЫҒЫЗДЫҒЫ АРАСЫНДАҒЫ БАЙЛАНЫС
САРКОИДОЗ ЖӘНЕ ӨКПЕ ТУБЕРКУЛЕЗІ КЕЗІНДЕГІ ГРАНУЛЕМАТОЗДЫ ҚАБЫНУДЫ КЛИНИКА-МОРФОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ МОРФОМЕТРИЯЛЫҚ БАҒАЛАУ
БЕЛСЕНДІ ТУБЕРКУЛЕЗБЕН АУЫРАТЫН АИТВ ЖҰҚТЫРҒАН НАУҚАСТАРДА БАУЫРДЫҢ ДӘРІЛІК ЗАҚЫМДАНУЫ: САЛЫСТЫРМАЛЫ ЗЕРТХАНАЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ СОЗЫЛМАЛЫ ЖҮРЕК ЖЕТКІЛІКСІЗДІГІ БОЙЫНША АУРУЛАРДЫ БАСҚАРУ БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ АСЫРУ НӘТИЖЕЛЕРІ
ИНСУЛИНГЕ ТӨЗІМДІЛІГІ БАР НАУҚАСТАРДА ИНСУЛЬТ КЕЗІНДЕ ІШЕК МИКРОБИОМАСЫНЫҢ СИПАТТАМАСЫ