ІРІҢДІ МЕНИНГИТТЕРДІҢ ЕРТЕ ДИАГНОСТИКАСЫ СҰРАҒЫНА
Кіріспе. Бактериальды менингиттердің (іріңді) жазылуы антибиотикалық терапияның уақытында басталуына байланысты, сол себепті эмпирикалық антибиотикотерапияның басталуы үшін бірден іріңді менингитті серозды менингиттен дифференциация жасау маңызды болып саналады. Жиі менингиті бар науқастарды профильді ауруханаға госпитализациялау ауруханаға жатқызылмай тұрған кезеңде ЖРВИ, МЖҚБ (ОНМК), БСЖ (ЧМТ) және т.б.диагноздардың қойылуына байланысты кешеуілдейді.
Бұл статьяда бактериальды менингиттің ерте диагностикасы жайлы сұрақтар қарастырылады. Біз науқастарда бактериальды менингиттердің дереу уақытында анықтауға болатын бағалау чек-парақтарын ұсынамыз.
Зерттеу мақсаты: бактериальды менингиттің клиникалық көрінісі, люмбальды пункция, ЖҚА арқылы ерте диагностикалайтын маңызды белгілерді анықтау.
Материалдар мен әдістер: бактериальды және серозды менингиті бар науқастарға 32 ауру тарихынан ретроспективті анализ жүргізілді, статистикалық анализге Microsoft Office Excell 2016 (Microsoft, США) және Statistica 10 (Statsoft lnc,США) программалары қолданылды.
Зерттеу қорытындылары: жұмыс барысында іріңді менингиттің серозды менингиттен ерекшеленетін белгілер анықталды: ес бұзылысы, қанда лейкоциттердің деңгейі > 10х10/9 кл\л, ликвор цитозы > 150кл\мкл, ликворда нейтрофильдер көлемі› 30% (р <0,05).
Қорытынды: бактериальды менингиттің диагностикасы комплексті түрде жүргізілуі керек. Бактериальды менингиттің анықталуына және қысқа уақытта АБ терапияның тағайындалуына науқастарды қарау және минимальды лабораторлы зерттеулер (ликвор цитозы, ликворда нейтрофилдер көлемі, қанда лейкоциттер) анықтау жеткілікті.
Көрген адамдардың саны: 403
Мақалалар санаты:
Біртума зерттеулер
Библиографиялық сілтемелер
Ponomareva O.V., Batulina A.R., Karaseva E.A., Ageeva K.A., Martynov. V.A., To the issue of early diagnosis of bacterial meningitis // Nauka i Zdravookhranenie [Science & Healthcare]. 2020, (Vol.22) 4, pp. 119-125. doi 10.34689/SH.2020.22.4.012Ұқсас жариялымдар:
ОРТА ЖАСТАҒЫ ЖӘНЕ ЕГДЕ ЖАСТАҒЫ АДАМДАРДАҒЫ ДЕНЕ САЛМАҒЫ ИНДЕКСІ МЕН СҮЙЕКТІҢ МИНЕРАЛДЫ ТЫҒЫЗДЫҒЫ АРАСЫНДАҒЫ БАЙЛАНЫС
САРКОИДОЗ ЖӘНЕ ӨКПЕ ТУБЕРКУЛЕЗІ КЕЗІНДЕГІ ГРАНУЛЕМАТОЗДЫ ҚАБЫНУДЫ КЛИНИКА-МОРФОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ МОРФОМЕТРИЯЛЫҚ БАҒАЛАУ
БЕЛСЕНДІ ТУБЕРКУЛЕЗБЕН АУЫРАТЫН АИТВ ЖҰҚТЫРҒАН НАУҚАСТАРДА БАУЫРДЫҢ ДӘРІЛІК ЗАҚЫМДАНУЫ: САЛЫСТЫРМАЛЫ ЗЕРТХАНАЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ СОЗЫЛМАЛЫ ЖҮРЕК ЖЕТКІЛІКСІЗДІГІ БОЙЫНША АУРУЛАРДЫ БАСҚАРУ БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ АСЫРУ НӘТИЖЕЛЕРІ
ИНСУЛИНГЕ ТӨЗІМДІЛІГІ БАР НАУҚАСТАРДА ИНСУЛЬТ КЕЗІНДЕ ІШЕК МИКРОБИОМАСЫНЫҢ СИПАТТАМАСЫ