ТАБАННЫҢ СТАТИКАЛЫҚ ДЕФОРМАЦИЯСЫН ДИАГНОСТИКАЛАУ МЕН ЕМДЕУДІҢ ЗАМАНАУИ ӘДІСТЕРІ. ӘДЕБИЕТТІК ШОЛУ.
Бүгінгі күні аяқтың статикалық деформациясы тақырыбын қарастырудың өзектілігі оның хирургиялық емдеу әдістерін жетілдіру және ауруды жасарту болып табылады. Әдебиеттік шолуда келесі сұрақтар ұсынылған: процестің дамуының этиологиясы мен патогенезі, табанның алдыңғы бөлігінің анатомиялық және функционалды ерекшелігі, аяқтың көлденең жалпаюы диагнозы, хирургиялық емдеудің жіктелуі және әртүрлілігі.
Мақсаты: табанның алдыңғы бөлігінің статикалық деформациясын диагностикалау және хирургиялық емдеу мәселелерінде әдебиет деректеріне талдау жүргізу.
Іздеу стратегиясы. MEDLINE, UptoDate, Google Scholar, Cyberleninka және eLIBRARY электрондық кітапханасының деректер базалары мен web-ресурстарында ғылыми жарияланымдарды іздеу және талдау жүргізілді. Уақыт кезеңі 2009-2019 жылдар арасында белгіленді. Рецензияланған басылымдардың жарияланымдарына басымдық берілді. Бастапқы іріктеу нәтижесінде 256 әдеби дереккөз анықталды, олардың 95-і осы мақала үшін аналитикалық материалдың негізі болды. Зерттеуге енгізу критерийлері: рандомизацияланған және когорттық зерттеулер туралы есептер, жүйелі шолулар мен мета-анализдер, диагностика және емдеу хаттамалары, ағылшын және орыс тілдеріндегі мақалалар. Зерттеуге енгізбеу критерийлері: жеке хабарламалар, газет басылымдары, тезистер, анық емес қорытындылары бар мақалалар, сондай-ақ ақылы қол жетімді мақалалар.
Нәтижелер мен қорытындылар: көптеген жарияланымдар табанның алдыңғы бөлігінің жалпаюын хирургиялық түзетудің төрт жүзден астам әдістерінің болуын көрсетеді, бұл қазіргі заманғы ортохирургияның талаптарын қанағаттандыратын әдістердің жетіспеушілігі мәселесін растайды - әр нақты жағдайда тәсілді даралау, хирургиялық араласудың қысқа ұзақтығы, деформацияның барлық компоненттерін жою, табанның көлденең доғасының күмбез конфигурациясын қалпына келтіру болады.
Көрген адамдардың саны: 468
Мақалалар санаты:
Әдебиеттерге шолу
Библиографиялық сілтемелер
Жанаспаев М.А., Бокембаев Н.А., Тлемисов А.С., Токтаров Е.Н., Джунусов Т.Г., Бокембаева А.А., Раханская Е.В. Табанның статикалық деформациясын диагностикалау мен емдеудің заманауи әдістері.Әдебиеттік шолу // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2020. 5 (Т.22). Б. 31-46. doi:10.34689/SH.2020.22.5.003Ұқсас жариялымдар:
RADIATION EXPOSURE IN THE SEMIPALATINSK REGION: TRANSGENERATIONAL RISKS AND DOSIMETRY APPROACHES
TRENDS AND PATTERNS OF MALE REPRODUCTIVE SYSTEM DISEASES IN THE CONTEXT OF MEDICAL AND DEMOGRAPHIC INDICATORS. LITERATURE REVIEW
INFECTIOUS COMPLICATIONS OF UROLOGICAL INTERVENTIONS FOR UROLITHIASIS. LITERATURE REVIEW
PREVALENCE OF CHRONIC OBSTRUCTIVE PULMONARY DISEASE AS A GLOBAL HEALTH PROBLEM
THE QUALITY OF LIFE OF PATIENTS WITH COPD. LITERATURE REVIEW