БАКТЕРИАЛДЫ ИНФЕКЦИЯЛАР ЖӘНЕ БРУЦЕЛЛЕЗ КЕЗІНДЕ ЦИТОКИНДЕРДІҢ ГЕНДІК ПОЛИМОРФИЗМДЕРІНІҢ МАҢЫЗЫ. ӘДЕБИЕТТІК ШОЛУ.
Өзектілігі. Осы күнге дейін өткізілген зерттеулер нәтижесінде цитокиндердің гендік полиморфизмдерінің көптеген жұқпалы ауруларға бейімділік немесе қарсы тұрумен ассоциациясы дәлелденген.
Мақсаты. Цитокиндердің гендік полиморфизмдерінің бактериалды жұқпалы аурулармен, әсіресе бруцеллезбен, ассоциациясын зерртеуге бағытталған әдеби мәліметтерді сараптау.
Іздеу стратегиясы. Ғылыми басылымдарды іздеу Pub Med, Google Scholar, Google Academia, eLibrary.ru, CyberLeninka іздеу системалары арқылы жүргізілді. Тереңдігі 10 жыл. Қосу критерийлері: іздеу тереңдігі 10 жыл (2009-2019); қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі басылымдар; толық мәтінді эпидемиологиялық және клиникалық зерттеулер. Шығару критерийлері: жануарлар туралы мақалалар, қайталанатын жарияланымдар, конференция материалдары, клиникалық жағдайлар.
Нәтижесі. Туберкулез, тілме және бруцеллез сияқты бактериалды инфекцияларының ФНО-α, ИЛ-10, ИЛ-1β, ИЛ-17А, ИЛ-6 цитокиндерінің полиморфизмдерімен байланысы бар. Бірыңғай полиморфизмдер әр-түрлі ұлттарда бейімділікпен де, қарсы тұрумен байланысты болуы мүмкін. ИЛ-6, ИЛ-10 және ИЛ-17 гендерінің полиморфизмдері бруцеллезбен жиі байланысты.
Қортынды. Сонымен, мұндай зерттеулер бір ұлттың адамдарының белгілі бір тобында жүргізілуі керек.
Көрген адамдардың саны: 452
Мақалалар санаты:
Әдебиеттерге шолу
Библиографиялық сілтемелер
Муковозова Л.А., Бекенова Н.Б., Токаева А.З., Смаил Е.М. Бактериалды инфекциялар және бруцеллез кезінде цитокиндердің гендік полиморфизмдерінің маңызы. Әдебиеттік шолу // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2020. 5 (Т.22). Б. 47-56. doi:10.34689/SH.2020.22.5.004Ұқсас жариялымдар:
RADIATION EXPOSURE IN THE SEMIPALATINSK REGION: TRANSGENERATIONAL RISKS AND DOSIMETRY APPROACHES
TRENDS AND PATTERNS OF MALE REPRODUCTIVE SYSTEM DISEASES IN THE CONTEXT OF MEDICAL AND DEMOGRAPHIC INDICATORS. LITERATURE REVIEW
INFECTIOUS COMPLICATIONS OF UROLOGICAL INTERVENTIONS FOR UROLITHIASIS. LITERATURE REVIEW
PREVALENCE OF CHRONIC OBSTRUCTIVE PULMONARY DISEASE AS A GLOBAL HEALTH PROBLEM
THE QUALITY OF LIFE OF PATIENTS WITH COPD. LITERATURE REVIEW