РАДИОАКТИВТІ ҚАЛДЫҚТАРДЫ САҚТАУ АЙМАҒЫНДА ТҰРАТЫН АДАМДАРДЫҢ ТОПТАРЫНДАҒЫ АРТЕРИЯЛЫҚ ГИПЕРТЕНЗИЯНЫҢ ҚАУПІ МЕН ТАРАЛУЫН БАҚЫЛАУ
Зерттеудің өзектілігі: Қазақстан Республикасы әлемдегі уран қорының шамамен 25% ие және уран кені бойынша әлемде жетекші орын алады.Қазіргі уақытта, Қазақстан Республикасы аумағында байыту қондырғыларының қалдықтары, үймелік сілтісіздендіру қатарлары, гидрометаллургиялық зауыттардың қалдыққоймасы, өңделмеген шикізат кенінің үйінділері ретінде 200 млн тоннадан астам уран кенінің қалдықтары жинақтаған. Олар радиоактивті және химиялық ластану көзі ретінде қоршаған ортаға үлкен қауіп болып табылады. Қазіргі уақытта республикада радиоактивті қалдықтардың бірнеше қалдық қоймалары пайдаланылады. Олардың ішіндегі ең ірісі 1956 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан Степногорск тау-кен химиялық комбинатының гидрометаллургиялық зауытының радиоактивтік қалдықтарының қалдыққоймасы пайдаланылуда, зауыт өз кезегінде уран тотығы мен басқа да сирек металдар өндірісінің ірі кешендерінің бірі болып табылады. Өнеркәсіптік қалдықтардың негізгі түрлері - уран кенін өңдеудегі қалдықтар құрамындағы радионуклидтер қауіптің бірінші класына жатады. Оның өндірілуі республика уранның өндірісінің ұлғаюы мен техногенді радиациялық және токсиндік әсерлер кешенінің жоғарлауына әкеледі. Бұл ретте уран өңдеу кәсіпорындарының радиоактивті қалдықтар қоймасының техногенді факторлары оның әсер ету аймағында тұратын халыққа иондаушы сәулелердің төмен дозаларының әсерін бағалау және сомотикалық аурушаңдық қаупін зерттеу өзекті мәселе болып табылады.
Зерттеу мақсаты: уран өңдеу кәсіпорнының радиоактивті қалдықтарын сақтау қоймасының техногендік факторларының осы аймақта тұратын адамдардың топтарындағы артериялық гипертензияның қаупі мен таралуына ықтимал әсерін бағалау.
Зерттеу материалдары мен әдістері: Негізгі топ - уран өндірісінің радиоактивті қалдықтарының қоймаларына жақын тұратын халық, сондай – ақ бақылау тобы-Степногорск қаласынан 100 км-ден астам жерде орналасқан Ақкөл қаласы тұрғындарының соматикалық аурулардың жиілігіне және даму тәуекеліне теріс техногендік факторлардың ұзақ мерзімді әсеріне ұшыраған адамдар арасында когортты ретроспективті зерттеу нәтижелері ұсынылды. Зерттеу 399 адамды қамтиды, оның ішінде 255 адам негізгі топ және 174 адам бақылау тобы. Зерттеу нәтижелері IBM SPSS Statistics 20 бағдарламалық өнімін және Microsoft Excel бағдарламасын пайдалану арқылы өңделді.
Зерттеу нәтижелері: Зерттеулер көрсеткендей, аз мөлшерде ұзақ сәулелендіру соматикалық аурушаңдықтың өсуіне әкелуі мүмкін. Радиоактивті қалдықтарды сақтау қоймаларына жақын тұратын адамдарға жүрек-қан тамырлары жүйесінің патологиясы тән болып табылады, оның құрылымында бірінші дәрежелі орынды артериялық гипертензия – 83% алады, бұл иондаушы сәуле шығарудың кіші дозаларының халық арасында артериялық гипертензияның қаупі мен таралуына ықтимал әсерін көрсетеді.
Қорытынды: Алынған деректер халықтың осы аумақта ұзақ өмір сүруі артериялық гипертензия ауруларының таралуына айтарлықтай әсер ететінін көрсетеді.
Көрген адамдардың саны: 372
Мақалалар санаты:
Біртума зерттеулер
Библиографиялық сілтемелер
Ілбекова Қ.Б., Джанабаев Д.Д., Қазымбет П.Қ., Аумаликова М.Н., Бахтин М.M., Ибраева Д.С. Радиоактивті қалдықтарды сақтау аймағында тұратын адамдардың топтарындағы артериялық гипертензияның қаупі мен таралуын бақылау // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2020. 5 (Т.22). Б. 109-115. doi 10.34689/SH.2020.22.5.011Ұқсас жариялымдар:
ОРТА ЖАСТАҒЫ ЖӘНЕ ЕГДЕ ЖАСТАҒЫ АДАМДАРДАҒЫ ДЕНЕ САЛМАҒЫ ИНДЕКСІ МЕН СҮЙЕКТІҢ МИНЕРАЛДЫ ТЫҒЫЗДЫҒЫ АРАСЫНДАҒЫ БАЙЛАНЫС
САРКОИДОЗ ЖӘНЕ ӨКПЕ ТУБЕРКУЛЕЗІ КЕЗІНДЕГІ ГРАНУЛЕМАТОЗДЫ ҚАБЫНУДЫ КЛИНИКА-МОРФОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ МОРФОМЕТРИЯЛЫҚ БАҒАЛАУ
БЕЛСЕНДІ ТУБЕРКУЛЕЗБЕН АУЫРАТЫН АИТВ ЖҰҚТЫРҒАН НАУҚАСТАРДА БАУЫРДЫҢ ДӘРІЛІК ЗАҚЫМДАНУЫ: САЛЫСТЫРМАЛЫ ЗЕРТХАНАЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ СОЗЫЛМАЛЫ ЖҮРЕК ЖЕТКІЛІКСІЗДІГІ БОЙЫНША АУРУЛАРДЫ БАСҚАРУ БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ АСЫРУ НӘТИЖЕЛЕРІ
ИНСУЛИНГЕ ТӨЗІМДІЛІГІ БАР НАУҚАСТАРДА ИНСУЛЬТ КЕЗІНДЕ ІШЕК МИКРОБИОМАСЫНЫҢ СИПАТТАМАСЫ