Online ISSN: 3007-0244,
Print ISSN:  2410-4280
АОРТА-МЫҚЫН СЕГМЕНТІНІҢ ОККЛЮЗИЯСЫНЫҢ ХИРУРГИЯЛЫҚ ЕМІ
Кіріспе. Аорто-мықын сегментінің (АМС) окклюзионды зақымдалуының хирургиялық емі, қосымша өмірлік маңызы зор мүшелердің – жүрек, бас миы, бүйрек, висцералды мүшелердің мультифокалды зақымдалуына байланысты қиындық туындатады. Зерттеу мақсаты. АМС окклюзионды зақымы бар науқастарға ашық хирургиялық емнің қорытындысын жақсартуға арналған кешенді шараларды ғылыми негіздеу Зерттеу әдістері. АМС окклюзионды зақымдалуы бар хирургиялық ем жүргізілген 134 науқасқа проспективті рандомизирленбеген клиникалық зерттеу жүргізілді, олар ем тактикасына байланысты 2 топқа бөлінді: асқыну предикторларын коррекциясыз және асқыну предикторларын коррекциямен. 1-ші топты АМС окклюзиясының тұрақсыз ағымды 70 науқас құраса, 2-ші топта 64 науқас, бұл науқастарға қосымша көрсеткіштер бойынша алдын-ала коронарлы, ұйқы және мықын бассейніндегі патологияларына байланысты хирургиялық коррекция, бүйрек жеткіліксіздігіне алдын-ала коррекция жасалды. Нәтижелер. 1-ші топта операциядан кейінгі 30 күндік асқынулар 4 (5,7%) жағдайда өлім себебі болды, 2-ші топта 1 (1,6%) жағдайда кездесті. 5-жылдық леталдылық 1-ші топта 5 (7,7%) жағдайда, 2-ші топта – 2 (3,3%) жағдай. Қорытынды. Зерттеудің соңғы нүктесін талдау барысында 30-күндік леталдылыққа әсер еткен жағдай асқыну предикторларын коррекциялау және полиорганды жеткіліксіздіктің дамуы екені белгілі болды; операциядан кейінгі 30-күнде миокард инфарктісінің дамуы асқыну предикторларын коррекциялаумен лақтырыс фракциясына тәуелді; жедел бүйрек жеткіліксіздігі – қандағы креатинин көлеміне байланысты; операциядан кейінгі 5-жылда миокард инфарктісі дамуы асқыну предикторларын коррекциясына байланысты; жедел бүйрек жеткіліксіздігі – қандағы креатинин көлеміне байланысты; ал тоқ ішектің сол жақ бөлігінің созылмалы ишемиясы – ішкі мықын артериясының (ІМА) стенозымен, АМС реконструкциясы кезінде ІМА магистралды қанайналысқа антеградты немене ретроградты қосуына байланысты; науқастардың 5-жылдық өміршеңдігіне асқыну предикторларын коррекциялау және миокард инфакртісімен жедел бүйрек жеткіліксіздігі дамуы әсерін тигізді.
Көрген адамдардың саны: 403

Түйенді сөздер:

Мақалалар санаты: Біртума зерттеулер

Библиографиялық сілтемелер

Дюсупов А.А., Иманбаев М.Н., Дюсупова Б.Б., Абылхаиров К.Т., Тлемисов А.С., Мухаметханов Р.Б., Аманжолов Д.Б. Аорта-мықын сегментінің окклюзиясының хирургиялық емі // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2020. 6 (Т.22). Б. 18-25. doi 10.34689/SH.2020.22.6.003

Авторизируйтесь для отправки комментариев