ЕРТЕ АУЫР ПРЕЭКЛАМПСИЯ КЕЗІНДЕГІ АНАЛЫҚ ЖӘНЕ ПЕРИНАТАЛЬДЫ АСҚЫНУЛАРДЫ БОЛЖАУ: БОЛЖАМДЫҚ МОДЕЛЬ ЖАСАУ
Кіріспе: Ауыр преэклампсия бүкіл әлемде аналық және перинатальды аурушаңдық пен өлім себептерінің бірі болып табылады. Ауыр преэклампсия диагнозы қойылғаннан кейін, әрі қарай жүргізу тактикасын жоспарлау үшін ана мен ұрықтың асқыну қаупін нақты бағалау қажет. Пациенттердің клиникалық-зертханалық мәліметтері қолданылатын болжамды модельдер – дербестендірілген медицина жағдайында клиникалық тәжірибенің, нақты пациенттердің болашақ нәтижелерін болжаудың және клиникалық шешімдер қабылдаудың балама негізі болып табылады.
Зерттеудің мақсаты: ауыр ерте преэклампсия кезіндегі аналық және перинатальды асқынуларды болжаудың болжамды моделін құру.
Материалдар мен әдістер: Семей және Павлодар қалаларының перинаталдық орталықтарында ауыр преэклампсиямен жүктіліктің 24-34 аптасы аралығындағы 250 жүкті әйелге проспективті когорттық зерттеу 2018 жылдың 1 шілдесінен 2019 жылдың 1 шілдесіне дейін жүргізілді.
Әрбір болжамды үміткер мен мақсатты нәтижелер арасындағы байланыс бір жақты талдаудың көмегімен талданды. Әрі қарай талдау үшін р <0,1 болжаушы үміткерлердің маңыздылық критериі қолданылды. Одан әрі, ауыр ПЭ және эклампсиямен бірге жүретін жүктілік асқынуларын болжау мүмкіндіктерін зерттеу пренатальды факторларға және босану мерзіміне байланысты ROC анализі және бинарлы логистикалық регрессия әдістерін қолдану арқылы жүргізілді. Осы зерттеудегі статистикалық гипотезаларды тексеру кезінде p маңыздылық деңгейі 0,05-ке тең болды.
Нәтижелер: модельдерді құру үшін 5 айнымалылар пайдаланылды (фибриноген, мочевина, зәр қышқылы, ЛДГ, УДДГ мәліметтері бойынша қан ағысының бұзылысы). Біздің болжам моделіміз қалыпты орналасқан плацентаның мерзімінен бұрын ажырауын және перинатальды өлім-жітімнің (ұрықтың антенатальды өлімін қоса алғанда, AUC = 0, 77 ± 0,1 (95% CI: 0,58-0,96)) алдын алуға жақсы болжамды қабілетін көрсетті AUC = 0,77 ± 0,1 (95% CI: 0,58-0,96), әсіресе жүктіліктің 27-29 апталарында преэклампсияның ауыр дәрежесін жүргізуде күту тактикасын қолданған жағдайда.
Қорытынды: біздің зерттеуде жүктіліктің 24-34 апта аралығындағы ауыр преэклампсиясы бар жүкті әйелдерде аналық және перинаталдық асқынуларды болжау модельдері жасалды, оларды клиникалық тәжірибеде ститистикалық калькулятор ретінде қолдану оңай және түсінікті.
Көрген адамдардың саны: 482
Мақалалар санаты:
Біртума зерттеулер
Библиографиялық сілтемелер
Нургалиева Г.Т., Акильжанова Г.А., Кумарова Г.А., Дюсупова Б.Б., Манабаева Г.К. Ерте ауыр преэклампсия кезіндегі аналық және перинатальды асқынуларды болжау: болжамдық модель жасау // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2020. 6 (Т.22). Б. 35-42. doi 10.34689/SH.2020.22.6.005Ұқсас жариялымдар:
ОРТА ЖАСТАҒЫ ЖӘНЕ ЕГДЕ ЖАСТАҒЫ АДАМДАРДАҒЫ ДЕНЕ САЛМАҒЫ ИНДЕКСІ МЕН СҮЙЕКТІҢ МИНЕРАЛДЫ ТЫҒЫЗДЫҒЫ АРАСЫНДАҒЫ БАЙЛАНЫС
САРКОИДОЗ ЖӘНЕ ӨКПЕ ТУБЕРКУЛЕЗІ КЕЗІНДЕГІ ГРАНУЛЕМАТОЗДЫ ҚАБЫНУДЫ КЛИНИКА-МОРФОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ МОРФОМЕТРИЯЛЫҚ БАҒАЛАУ
БЕЛСЕНДІ ТУБЕРКУЛЕЗБЕН АУЫРАТЫН АИТВ ЖҰҚТЫРҒАН НАУҚАСТАРДА БАУЫРДЫҢ ДӘРІЛІК ЗАҚЫМДАНУЫ: САЛЫСТЫРМАЛЫ ЗЕРТХАНАЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ СОЗЫЛМАЛЫ ЖҮРЕК ЖЕТКІЛІКСІЗДІГІ БОЙЫНША АУРУЛАРДЫ БАСҚАРУ БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ АСЫРУ НӘТИЖЕЛЕРІ
ИНСУЛИНГЕ ТӨЗІМДІЛІГІ БАР НАУҚАСТАРДА ИНСУЛЬТ КЕЗІНДЕ ІШЕК МИКРОБИОМАСЫНЫҢ СИПАТТАМАСЫ