ШҰҒЫЛ МЕДИЦИНА БӨЛІМШЕСІНДЕГІ БАЛАЛАРДАҒЫ ЖЕДЕЛ УЛАНУЛАРДЫ БАҒАЛАУ: БІР ОРТАЛЫҚТЫҢ ТӘЖІРИБЕСІ
Мақсат: Біздің шұғыл медициналық көмек ауруханасына уланумен әкелінген бала жасындағы науқастардың эпидемиологиялық және клиникалық сипаттамаларын анықтау.
Әдістер: Улану жағдайлары жынысымен, жасымен, улану болған айы және уақытымен, ауруханаға жеткізілген әдісімен, интоксикация себебімен, интоксиканттың организмге түсу түрімен (пероральды, терілік, ингаляциялық), интоксикация типімен (өз-өзіне қол жұмсау, оқыс жағдай), емдеу әдістерімен, нәтижелермен (шығару, жатқызу, басқа мекемелерге жіберу) және ауруханада болу ұзақтылығымен. Топтарды салыстыру үшін хи-квадрат критериін және Манна –Уитни U – критериін қолданды; р < 0.05 анализдердің барлық түрлерінде статистикалық маңызды болып саналған.
Нәтиже: Біздің шұғыл көмек қызметіне интоксикациялық жағдайымен 147 педиатриялық науқас түскен. Науқастардың орта жасы 6,61+5,9 жасты құрады. Улану көбінесе 0 мен 5 жас аралығында таралған. Улану көбінесе кездейсоқ болған. Уланудың ең жиі себебтері дәрілерден болды (66%). Дәрілік интоксикация кезінде ең жиі таралған медикамент түрі ауруды басатын және ыстықты түсіретін дәрілер болған(29,7%). Бұл көбінесе қысқы уакытта болған(32%).
Қорытынды: Қыз-жасөспірімдер және 0 мен 5 жас аралығындағы балаларды қарауда көбірек көңіл бөлу керек. Аймақтық деңгейде жедел жәрдем дәрігерлері уланудың эпидемиологиялық және клиникалық ерекшеліктері жайлы ақпарат білгені пайдалы болады деп санаймыз.
Көрген адамдардың саны: 342
Мақалалар санаты:
Біртума зерттеулер
Библиографиялық сілтемелер
Ерсой С., Челик Б., Кавальчи Ч., Чалишкан Х.М., Кавальчи Г. Шұғыл медицина бөлімшесіндегі балалардағы жедел улануларды бағалау: бір орталықтың тәжірибесі // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2020. 6 (Т.22). Б. 43-48. doi 10.34689/SH.2020.22.6.006Ұқсас жариялымдар:
ОРТА ЖАСТАҒЫ ЖӘНЕ ЕГДЕ ЖАСТАҒЫ АДАМДАРДАҒЫ ДЕНЕ САЛМАҒЫ ИНДЕКСІ МЕН СҮЙЕКТІҢ МИНЕРАЛДЫ ТЫҒЫЗДЫҒЫ АРАСЫНДАҒЫ БАЙЛАНЫС
САРКОИДОЗ ЖӘНЕ ӨКПЕ ТУБЕРКУЛЕЗІ КЕЗІНДЕГІ ГРАНУЛЕМАТОЗДЫ ҚАБЫНУДЫ КЛИНИКА-МОРФОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ МОРФОМЕТРИЯЛЫҚ БАҒАЛАУ
БЕЛСЕНДІ ТУБЕРКУЛЕЗБЕН АУЫРАТЫН АИТВ ЖҰҚТЫРҒАН НАУҚАСТАРДА БАУЫРДЫҢ ДӘРІЛІК ЗАҚЫМДАНУЫ: САЛЫСТЫРМАЛЫ ЗЕРТХАНАЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ СОЗЫЛМАЛЫ ЖҮРЕК ЖЕТКІЛІКСІЗДІГІ БОЙЫНША АУРУЛАРДЫ БАСҚАРУ БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ АСЫРУ НӘТИЖЕЛЕРІ
ИНСУЛИНГЕ ТӨЗІМДІЛІГІ БАР НАУҚАСТАРДА ИНСУЛЬТ КЕЗІНДЕ ІШЕК МИКРОБИОМАСЫНЫҢ СИПАТТАМАСЫ