ІШЕК ТІТІРКЕНУ СИНДРОМЫ БАР НАУҚАСТАРДА ПСИХОТЕРАПИЯНЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Бұл зерттеу ішек тітіркену синдромы бар науқастарда психотерапия маңыздылығын көрсетуге бағытталған. Ішек тітіркену синдромы бар 25 науқас зерттелді (20 - әйел, 5 – ер адам), олар психотерапиялық емдеу барысында бақылауда болды. Терапия аурудың ағымына және науқастың жеке бас екрекшеліктеріне негізделе құрылды. ІТС – ң ерте кезеңдерінде психотерапияның негізгі мақсаты – ауруға себеп болған, ең басты қайшылықты психологиялық тұрғыдан шешу. Ендігі кезекте психотерапия бағыты – емдеу кезіндегі психикалық бұзылыстарды, сонымен қатар соматикалық жағдайын жеңілдету, ауруды уайымдау дәрежесін төмендету және науқастарды комплексті реабилитациялау болып табылады. Зерттеу нәтижесінде ІТС кезінде бұрыннан қолданылатын дәстүрлі психотерапиялық әдіске, қазіргі замаға сай (НЛБ –нейролингвистикалық бағдарлама, эриксондық гипноз, қысқа уақыттағы нәтижелі ем, транзакты анализ, және т.б ) емдеудің нәтижесін жоғарылататын әдістерді қолдану қажет.
Көрген адамдардың саны: 544
Ұқсас жариялымдар:
COMPARATIVE EVALUATION OF BLOOD COLLECTION TUBES AND EXTRACTION METHODS FOR CIRCULATING TUMOR DNA
INFLUENCE OF SEX HORMONE-BINDING GLOBULIN (SHBG) ON THE LEVEL OF FREE TESTOSTERONE FRACTION IN OLDER OVERWEIGHT MEN
ASSESSMENT OF THE PROBABILITY OF DEVELOPING CARDIORENAL SYNDROME TYPE 2 DEPENDING ON POTENTIAL BIOMARKERS IN PEDIATRIC PATIENTS
MORPHO-GENETIC VARIABILITY IN MYOCARDIAL TISSUE AFTER SEPTAL MYECTOMY IN PATIENTS WITH OBSTRUCTIVE HYPERTROPHIC CARDIOMYOPATHY: A FOUR-CASE SERIES STUDY
CLINICAL EFFICACY OF SELECTIVE PLASMA FILTRATION (EVACLIO) IN CARDIOVASCULAR COMPLICATIONS: A CASE SERIES FROM THE HEART CENTER KAZAKHSTAN