ҚАНТ ДИАБЕТІ КЕЗІНДЕГІ ТАБАННЫҢ ІРІҢДІ-НЕКРОТИКАЛЫҚ ЗАҚЫМДАЛУЫНЫҢ ХИРУРГИЯЛЫҚ ЕМІ
Соңында айта кету керек, іріңді-некротикалық зақымдалулары және аяқтың гангренасы бар науқастарға қантамырдың ультрадыбысты доплерографиясы мен қандағы глюкоза деңгейін анықтау зерттеулері жүргізіледі. Емі кешенді түрде инсулин тағайындаудан басталу керек, сонымен қатар микроциркуляцияны жақсартатын және зат алмасуды қалпына келтіретін дәрілік заттар беріледі.
Операциялық емі мүше сақтайтын операцияларға бағыт-талады: аяқ бақайларының гангренасында экзартикуляция,остеомиелит және артрит дамығанда «кіші» операциялар жасалды. Табанға трансметатарзальді ампутация, табан сүйегі зақымдалғанда сирақ деңгейіндегі ампутацияда өлім болған жоқ. Қант диабетінің ауыр формасы кезінде ылғалды гангренасы бар 26 науқасқа санның жоғарғы ампутациясы жасалды. Бұл категориядағы науқастарда өлім деңгейі 6% құрады, оның себебі - тромбоэмболия, жүрек-қантамыр патологиясы, сепсис, басқа да көп мүшелер қызметінің жетіспеушілігі.
Берілген әдебиеттер мен біздің деректер сараптамасы бойынша қант диабеті табанда болғанда «кіші» ампутациялар қолайлығы мүше сақтайтын операциялар жасауға көрсеткіштерді дұрыс таңдаумен тікелей байланысты.
Көрген адамдардың саны: 332
Ұқсас жариялымдар:
GENETIC VARIANTS IN LIPID-ASSOCIATED GENES IN THE KAZAKHSTANI COHORT WITH ATHEROSCLEROSIS AND HYPERTRIGLYCERIDEMIA
CLONAL HEMATOPOIESIS WITH INDETERMINATE POTENTIAL IN TET2 AND DNMT3A AMONG KAZAKHSTANI INDIVIDUALS WITH ATHEROSCLEROTIC DISEASE
REPROGRAMMING EXPERIENCE OF BLOOD MONONUCLEAR CELLS INTO INDUCED PLURIPOTENT STEM CELLS (IPSCS) IN A PATIENT WITH CATECHOLAMINERGIC POLYMORPHIC VENTRICULAR TACHYCARDIA (CPVT)
EXPERIENCE OF LONG-TERM OBSERVATION OF AN EXPOSED POPULATION: LESSONS FOR REGIONAL HEALTH MONITORING PROGRAMS
PATTERNS OF DEVELOPMENT OF PATHOMORPHOLOGICAL TUMOR REGRESS AFTER NEOADJUVANT CHEMOTHERAPY FOR GASTRIC CANCER: EXPERIENCE OF THE NATIONAL RESEARCH ONCOLOGY CENTER