МЕЙІРГЕРЛІК ДЕҢГЕЙДЕ КОРОНАВИРУСТЫҚ ИНФЕКЦИЯ (COVID-19) БОЙЫНША МЕЙІРГЕРЛІК ҚҰЖАТТАМАНЫ ӘЗІРЛЕУ ЖӘНЕ ЕНГІЗУ
Кіріспе: SARS-CoV-2 туындатқан коронавирустық COVID-19 инфекциясы бүкіл әлемге тез таралуда. 2020 жылы 11 наурызда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирустық инфекцияның эпидемиясын пандемия деп жариялады. Қазақстанда алғашқы жағдай 2020 жылы 13 наурызда тіркелді. 16 наурызда Қазақстанда төтенше жағдай жарияланды. 19 наурыздан бастап карантин Нур-Сұлтан мен Алматыда енгізілді. 20 наурыздан бастап COVID-19 расталған жағдайлары республиканың басқа аймақтарында тіркеле бастады. 30 наурыздан бастап карантин еліміздің басқа қалаларында да енгізілді. Сондықтан мейіргерлік деңгейде коронавирустық инфекция бойынша мейіргерлік құжаттаманы жүргізу маңызды рөл атқарады.
Мақсаты: Жаһандық коронавирустық инфекция (COVID-19) пандемиясы аясында мейіргерлік деңгейдегі күтімнің деңгейін мейіргерлік құжаттаманы енгізу арқылы жақсарту.
Әдістер: Осы зерттеу аясында коронавирустық инфекциямен күресудің халықаралық және отандық тәжірибесі зерттелді. Әлемде және Қазақстанда COVID-19 ауруының жиілігі мен өлімі зерттелді. Мейіргерлік құжаттама нысаны (бақылау тізімі) бейімделген Халықаралық мейіргердік практика классификаторы Clinical Care Classification көмегімен жасалған.
Нәтижелер: 2021 жылғы 18 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасында барлығы 171 232 жағдай тіркелді, оның 155 397 науқас сауығып кетті, өліммен аяқталған 2403 жағдай тіркелді. Мейіргерлік деңгейінде пациенттерге көмек көрсетуді жақсарту мақсатында «Науқасты поликлиникаға/фильтрге алғашқы қабылдау кезіндегі ЖРВИ белгілері бар, оның ішінде COVID-19 мейіргерлік қабылдау және мейіргерлік күтім» мейіргерлік құжаттама формасы әзірленді. 10 баллдық шкала бойынша жүргізілген сауалнамаға сәйкес, сауалнамаға қатысушылардың 70,7% -ы бұл форманы 6-10 баллмен бағалады, оның ішінде 10 балл бойынша 37,6%.
Қорытынды: Талдау әлемдегі коронавирустық инфекцияның эпидемиологиялық жағдайының сипатын анықтауға мүмкіндік берді, бұл мейіргерлік деңгейде коронавирустық инфекциямен күресудің профилактикалық шараларын жетілдіру мақсатында мейіргерлік құжаттаманы жасауға негіз болды.
Көрген адамдардың саны: 420
Мақалалар санаты:
Біртума зерттеулер
Библиографиялық сілтемелер
Смаилова Д.С., Сыдыкова Б.К., Сарсенбаева Г.Ж., Болатов А.К., Мусина Г.А., Байгожина З.А., Хисметова З.А. Мейіргерлік деңгейде коронавирустық инфекция (COVID-19) бойынша мейіргерлік құжаттаманы әзірлеу және енгізу // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2021. 1 (Т.23). Б. 15-20. doi 10.34689/SH.2021.23.1.002Ұқсас жариялымдар:
ОРТА ЖАСТАҒЫ ЖӘНЕ ЕГДЕ ЖАСТАҒЫ АДАМДАРДАҒЫ ДЕНЕ САЛМАҒЫ ИНДЕКСІ МЕН СҮЙЕКТІҢ МИНЕРАЛДЫ ТЫҒЫЗДЫҒЫ АРАСЫНДАҒЫ БАЙЛАНЫС
САРКОИДОЗ ЖӘНЕ ӨКПЕ ТУБЕРКУЛЕЗІ КЕЗІНДЕГІ ГРАНУЛЕМАТОЗДЫ ҚАБЫНУДЫ КЛИНИКА-МОРФОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ МОРФОМЕТРИЯЛЫҚ БАҒАЛАУ
БЕЛСЕНДІ ТУБЕРКУЛЕЗБЕН АУЫРАТЫН АИТВ ЖҰҚТЫРҒАН НАУҚАСТАРДА БАУЫРДЫҢ ДӘРІЛІК ЗАҚЫМДАНУЫ: САЛЫСТЫРМАЛЫ ЗЕРТХАНАЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ СОЗЫЛМАЛЫ ЖҮРЕК ЖЕТКІЛІКСІЗДІГІ БОЙЫНША АУРУЛАРДЫ БАСҚАРУ БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ АСЫРУ НӘТИЖЕЛЕРІ
ИНСУЛИНГЕ ТӨЗІМДІЛІГІ БАР НАУҚАСТАРДА ИНСУЛЬТ КЕЗІНДЕ ІШЕК МИКРОБИОМАСЫНЫҢ СИПАТТАМАСЫ