ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА СЕМІЗДІКТІҢ ТАРАЛУЫ ЖӘНЕ ҚАУІП ФАКТОРЛАРЫ. ӘДЕБИЕТТІК ШОЛУ
Кіріспе: Жас кездегі семіздік қоғамдық Денсаулық Сақтау саласының маңызды және кең таралған проблемасы болып қала береді және жасөспірімдер мен ересектерде кардио – метаболикалық қауіптің жоғарылауының белгісі болып табылады. Қоғамдық Денсаулық қарсы әсерді болжайтын модельдік бағалау балалардағы семіздік мәселесін ересек шақтағы жүрек-қантамыр ауруымен байланыстыратын көптеген дәлелдерге негізделген. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының деректері бойынша Қазақстандық жасөспірімдердің (10-19 жас аралығындағы балалар) 5%-да семіздік және балалардың 20%-да артық салмақ анықталған.
Мақсаты: жасөспірімдер арасында семіздіктің қауіп факторлары және оның таралуына байланысты жазылған әдебиет ресурстарына шолу.
Іздеу стратегиясы: дереккөздерді іздеу төмендегі базаларда жүргізілді: Pubmed, Scopus, Ebscohost, Medline, SosgapeLibrary, SpringerLink, Web of Knowledge (ThomsonReuters), Параграф Медицина, ScienceDirect. Ізденіс жұмысының мерзімі 15 жылды құрады: 2004-2019 жылдар аралығы. Енгізілген материалдарға қойылған критерийлер: үлкен популяцияларда жүргізілген рандомизацияланған және когорттық зерттеулер туралы есептер; мета-талдаулар және жүйелі шолулар; ағылшын және орыс тілдеріндегі мақалалар. Енгізілмеген материалдар критерийлері: бір реттік жағдайларды және жағдайлар сериясын сипаттайтын мақалалар; 1998 жылға дейін жарияланған мақалалар; дәлелдік базасы жоқ материалдар, баяндамалардың түйіндемелері, тезистер мен газет мақалалары.
Біз осы тақырып бойынша мәтін түрінде қолжетімді және сынамалы бағалау процедурасынан өткен 62 мақаланы енгіздік.
Нәтижелер: әдебиеттерге шолу негізінде соңғы екі онжылдықта балалар мен жасөспірімдер арасында артық салмақ/семіздіктің таралуы жоғарылағаны анықталды. Таралу көрсеткіштері балалар арасында қыздарға қарағанда ұлдарда жоғары, ал жасөспірімдер арасында қыздарда жоғары болып табылады.
Қорытынды: жасөспірімдер арасында семіздіктің кең таралу қаупін гендердің полиморфты нұсқаларының рөлі арқылы бағалау өзекті және әріқарай зерттеуді қажет ететін мәселе болып табылады.
Көрген адамдардың саны: 449
Мақалалар санаты:
Әдебиеттерге шолу
Библиографиялық сілтемелер
Адиева М.К., Аукенов Н.Е., Казымов М.С. Жасөспірімдер арасында семіздіктің тарауы және қауіп факиорлары. Әдебиеттік шолу // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2021. 1 (Т.23). Б. 21-29. doi:10.34689/SH.2021.23.1.003Ұқсас жариялымдар:
RADIATION EXPOSURE IN THE SEMIPALATINSK REGION: TRANSGENERATIONAL RISKS AND DOSIMETRY APPROACHES
TRENDS AND PATTERNS OF MALE REPRODUCTIVE SYSTEM DISEASES IN THE CONTEXT OF MEDICAL AND DEMOGRAPHIC INDICATORS. LITERATURE REVIEW
INFECTIOUS COMPLICATIONS OF UROLOGICAL INTERVENTIONS FOR UROLITHIASIS. LITERATURE REVIEW
PREVALENCE OF CHRONIC OBSTRUCTIVE PULMONARY DISEASE AS A GLOBAL HEALTH PROBLEM
THE QUALITY OF LIFE OF PATIENTS WITH COPD. LITERATURE REVIEW