Online ISSN: 3007-0244,
Print ISSN:  2410-4280
АНТИБИОТИКТЕРДІ ҚОЛДАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ӘРТҮРЛІ ЕЛДЕРДІҢ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ АҚПАРАТТАНУЫ. ӘДЕБИЕТТІК ШОЛУ.
Микроорганизмдердің бактерияға қарсы препараттарға төзімділігінің артуы қоғамдық денсаулық сақтау үшін жаһандық проблема болып табылады және антибиотикке төзімділік мәселесіне елеулі тек медициналық ғана емес, сонымен бірге ауыр экологиялық салдарға әкелуі мүмкін. Антибиотикке төзімділіктің маңызды себептерінің бірі антибиотиктерді қолдану жиілігініңе дәуір артуы болып табылады. Антибиотиктер - бұл 50% жағдайда негізсіз тұтынылатын дәрі-дәрмектердің жалғыз тобы. Мақсаты. Антибактериалды препараттарды дұрыс пайдалану туралы әртүрлі елдердің халқын ақпараттанды ру мәселелері бойынша әдебиет деректеріне талдау жүргізу. Іздеу стратегиясы. Антибиотиктерді қолдану туралы әртүрлі елдердің тұрғындарын ақпараттануы жайлы ағылшын және орыс тілдеріндегі толық мәтінді басылымдар зерттелді. Әдебиеттерді іздеу барысында келесі іздеу жүйелері қолданылды: Pubmed, Web of science, Cyberleninka, Google Scholar түйін сөздер бойынша сараптама жүргізілді. Уақыткезеңі 2011-2021 жылдармен белгіленді. Осы тақырып бойынша 190 жарияланым анықталды. Олардың ішінде біздің зерттеуіміздің мақсатына 39 мақала сәйкес келді. Нәтижелер мен қорытындылар. Біздің зерттеуіміздің нәтижелері бойынша көптеген жарияланымдар халықтың антибиотиктерді дұрыс пайдаланбағанын және нәтижесінде антибиотикке төзімділік көрсеткіштерінің жоғарылағанын көрсетеді.
Көрген адамдардың саны: 443

Түйенді сөздер:

Мақалалар санаты: Әдебиеттерге шолу

Библиографиялық сілтемелер

Искакова Н.С., Хисметова З.А., Сарсенбаева Г.Ж., Садибекова Ж.У., Уразалина Ж.М., Нұрахметова Ж.Б. Антибиотиктерді қолдану мәселелері бойынша әртүрлі елдердің тұрғындарының ақпараттануы. Әдебиеттік шолу // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2021. 2 (Т.23). Б. 51-57. doi:10.34689/SH.2021.23.2.005

Авторизируйтесь для отправки комментариев