ҚАТЕРСІЗ ГЕНЕЗДЕГІ МЕХАНИКАЛЫҚ САРҒАЮ СИНДРОМЫНДА ХИРУРГИЯЛЫҚ ЕМДЕУДІ ЖЕТІЛДІРУДІҢ НӘТИЖЕЛЕРІ
Кіріспе: Механикалық сарғаюды диагностикалау және хирургиялық емдеу мәселесі өлімге әкелетін ауыр асқынулардың дамуына байланысты өзекті болып қала береді.
Мақсаты: Қатерсіз генездегі механикалық сарғаю синдромы бар науқастардың хирургиялық емдеу нәтижелерін анализы.
Зерттеу әдістері: Зерттеу 2015-2019 жылдар аралығында емделіп жатқан, қатерсіз генездегі механикалық сарғаюмен асқынған 142 өт тас ауруымен (ӨТА) ауырған науқастардың хирургиялық емдеу нәтижелері талданылды, олардың ішінде ер адамдар - 47 (33,1%), әйел адамдар - 95 (66,9%). Орташа жасы шамасы 64,5±5,4 жыл. Барлық науқастар қолданылатын емдеу әдісіне байланысты екі топқа бөлінді (негізгі және салыстыру тобына).
Нәтижелері: Операциядан кейінгі кезеңде келесі асқынулар анықталынды. Жалпы алғанда негізгі топта 5 (7,2%) науқаста асқыну байқалды, бұл ретте тек 1 жағдайда Clavien-Dindo ұсынған жіктемесі бойынша (операциядан кейінгі панкреатит) II дәрежелі асқыну анықталды. Салыстыру тобында жіктеуге енгізілген 18 (24,7%) түрлі асқынулар 13 (17,8%) науқаста тіркелінді. Топтар арасындағы айырмашылықтар статистикалық мәнге ие болды (χ2=7.922, p=0.005). Негізгі топта өлім көрсеткіші тіркелген жоқ. Салыстыру тобында 4 (5,5%) өлім көрсеткіші тіркелінді, олардың себептері: 2 жағдайда ауыр интоксикация себебінен бауыр-бүйрек жеткіліксіздігі, 1 жағдайда өкпе артериясының тромбоэмболиясы, 1 жағдайда – ТШҚҰ-синдромы (асқынулар операциядан кейін 2-3-ші күні дамыды). Осы көрсеткіш бойынша топтар арасындағы айырмашылықтар маңыздылық деңгейіне жеткен жоқ.
Қорытынды: Қатерсіз генездегі механикалық сарғаюды хирургиялық емдеудің жетілдірілген хирургиялық құралдары мен әдістері зерттелуші топтарда емдеу нәтижелерін 2,9 есе (t=0,045) және Мириззи синдромының III-IV типінде зерттелген (t=0,048) науқастарда 2,3 есе жақсартуға, сондай-ақ қабыну және ауыру синдромының деңгейін, ауруханаға жатқызу ұзақтығын төмендетуге және рестеноздар санын азайтуға мүмкіндік берді.
Көрген адамдардың саны: 357
Мақалалар санаты:
Біртума зерттеулер
Библиографиялық сілтемелер
Аймагамбетов М.Ж., Әуенов М.Ә., Омаров Н.Б., Булегенов Т.А., Носо Й., Абдрахманов С.Т., Асылбеков Е.М., Ахметов А.Ж., Масалов А.Е. Қатерсіз генездегі механикалық сарғаю синдромында хирургиялық емдеуді жетілдірудің нәтижелері // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2021. 2 (Т.23). Б. 92-102. doi 10.34689/SH.2021.23.2.009Ұқсас жариялымдар:
ОРТА ЖАСТАҒЫ ЖӘНЕ ЕГДЕ ЖАСТАҒЫ АДАМДАРДАҒЫ ДЕНЕ САЛМАҒЫ ИНДЕКСІ МЕН СҮЙЕКТІҢ МИНЕРАЛДЫ ТЫҒЫЗДЫҒЫ АРАСЫНДАҒЫ БАЙЛАНЫС
САРКОИДОЗ ЖӘНЕ ӨКПЕ ТУБЕРКУЛЕЗІ КЕЗІНДЕГІ ГРАНУЛЕМАТОЗДЫ ҚАБЫНУДЫ КЛИНИКА-МОРФОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ МОРФОМЕТРИЯЛЫҚ БАҒАЛАУ
БЕЛСЕНДІ ТУБЕРКУЛЕЗБЕН АУЫРАТЫН АИТВ ЖҰҚТЫРҒАН НАУҚАСТАРДА БАУЫРДЫҢ ДӘРІЛІК ЗАҚЫМДАНУЫ: САЛЫСТЫРМАЛЫ ЗЕРТХАНАЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ СОЗЫЛМАЛЫ ЖҮРЕК ЖЕТКІЛІКСІЗДІГІ БОЙЫНША АУРУЛАРДЫ БАСҚАРУ БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ АСЫРУ НӘТИЖЕЛЕРІ
ИНСУЛИНГЕ ТӨЗІМДІЛІГІ БАР НАУҚАСТАРДА ИНСУЛЬТ КЕЗІНДЕ ІШЕК МИКРОБИОМАСЫНЫҢ СИПАТТАМАСЫ