ТІЗЕ ҮСТІ СҮЙЕГІНІҢ КӨЛДЕНЕҢ СЫНЫҚТАРЫН ӘРТҮРЛІ ОСТЕОСИНТЕЗ ТҮРЛЕРІМЕН ЕМДЕГЕН НАУҚАСТАРДЫҢ ӨМІР САПАСЫ
Зерттеудің мақсаты – Тізе үсті сүйегінің сынығын әртүрлі жолдармен емдеген науқастардың өмір сүру сапаларын салыстыру.
Мәліметтер мен әдістер: Зерттеудің дизайны: бақыланушы клиникалық зерттеу. Зерттеу жұмысы 2015-2018 жылдар аралығында Семей қаласының жедел медициналық көмек ауруханасының клиникалық базасында жүргізілді. Зерттеуге тізе үсті сүйектері сынған 81 науқас қатысты және олар ем түрлеріне қарай 2 топқа бөлінді: негізгі және салыстыру топтары. Зерттелгендер ішінде ер адамдар саны 55 (67,9%), әйелдер – 26 (32,1%). Науқастардың орташа жастары – 47,7±2,6. Негізгі топқа 39 науқас кірді, оның ішінде 27 ер адам және 12 әйел, орташа жасы - 48,3 ± 2,4 жас, салыстыру тобында - 42 науқас, 28 ер адам және 14 әйел, орташа жасы - 47,2 ± 2, 6 жас. Негізгі топтағы науқастар жетілдірілген сүйек арқылы отеосинтездеу жолымен емделді. Салыстару тобындағы науқастар Вебер-Мюллер әісімен емделген[3].
Өмір сүру сапасын бағалау мақсатында SF-36 және KOOS әдістертер қолданылды [13,14].
Зерттеу нәтижелері: Емнен кейінгі 3 айда SF-36 әдісі арқылы тексергенде сүйек арқылы остеосинтез кезінде көрсеткіштер ЖБ (19,3%), РБ (23,9%), ЖА (19,5%), p<0,05, яғни жақсырақ болған.
KOOS әдісін қолданғанда «ауырсыну» шкаласы бойынша топтар арасында айтарлықтай айырмашылық 1 аптадан кейін (52,3% негізгі топтың есебінен), 3 аптадан кейін (30,8%) және 1,5 айдан кейін (18,0%, p<0,05) болған. «Симптомдар» шкаласы бойынша айтарлықтай айырмашылықтар 3 аптадан кейін және 6 айдан кейін анықталған. Сонымен қатар негізгі топта өмір сапасы «күнделікті өмірдегі белсенділік» пен «спорт және демалыс» шкалалары бойынша да айтарлықтай жоғары екені анықталды.
Қорытынды: Тізе үсті сүйегі сынығын жетілдірілген сүйек арқылы остеосинтездеу жолымен емдеген науқастарың өмір сүру сапасы айтарлықтай жоғары.
Көрген адамдардың саны: 331
Мақалалар санаты:
Біртума зерттеулер
Библиографиялық сілтемелер
Манарбеков Е.М., Абишева А.С., Манарбекова Т.М., Ван О.Т., Юрковская О.А., Уразалина Ж.М., Тураханова Б.С., Мержакупов Т.Д., Козыкенов А.А., Амиргалина Д.М. Тізе үсті сүйегінің көлденең сынықтарын әртүрлі остеосинтез түрлерімен емдеген науқастардың өмір сапасы // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2021. 2 (Т.23). Б. 111-117. doi 10.34689/SH.2021.23.2.011Ұқсас жариялымдар:
ОРТА ЖАСТАҒЫ ЖӘНЕ ЕГДЕ ЖАСТАҒЫ АДАМДАРДАҒЫ ДЕНЕ САЛМАҒЫ ИНДЕКСІ МЕН СҮЙЕКТІҢ МИНЕРАЛДЫ ТЫҒЫЗДЫҒЫ АРАСЫНДАҒЫ БАЙЛАНЫС
САРКОИДОЗ ЖӘНЕ ӨКПЕ ТУБЕРКУЛЕЗІ КЕЗІНДЕГІ ГРАНУЛЕМАТОЗДЫ ҚАБЫНУДЫ КЛИНИКА-МОРФОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ МОРФОМЕТРИЯЛЫҚ БАҒАЛАУ
БЕЛСЕНДІ ТУБЕРКУЛЕЗБЕН АУЫРАТЫН АИТВ ЖҰҚТЫРҒАН НАУҚАСТАРДА БАУЫРДЫҢ ДӘРІЛІК ЗАҚЫМДАНУЫ: САЛЫСТЫРМАЛЫ ЗЕРТХАНАЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ СОЗЫЛМАЛЫ ЖҮРЕК ЖЕТКІЛІКСІЗДІГІ БОЙЫНША АУРУЛАРДЫ БАСҚАРУ БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ АСЫРУ НӘТИЖЕЛЕРІ
ИНСУЛИНГЕ ТӨЗІМДІЛІГІ БАР НАУҚАСТАРДА ИНСУЛЬТ КЕЗІНДЕ ІШЕК МИКРОБИОМАСЫНЫҢ СИПАТТАМАСЫ