Online ISSN: 3007-0244,
Print ISSN:  2410-4280
ЖҮРЕК –ТАМЫР АУРУЛАРЫМЕН ЕГДЕ ЖАСТАҒЫ НАУҚАСТАРДАҒЫ ЖАҒЫМСЫЗ ДӘРІЛІК РЕАКЦИЯЛАРДЫҢ ҚАУПІН БАҒАЛАУ
Өзектілігі: Халықаралық зерттеулер көрсеткендей, полипрагмазия егде жастағы адамдарда жиі кездеседі. Егде жастағы адамдардың көпшілігі бестен аса дәрі-дәрмекті қабылдайды, олардың кейбіреулері медициналық көмекке мұқтаж емес. Зерттеулер полипрагмазия мен теріс клиникалық салдар арасында тығыз байланыс орнатты. Полипрагмазияның нәтижесі жағымсыз дәрілік реакциялар, ДЗ жанама әсерлерінің және дәріаралық өзара әрекеттесулердің ұлғаюы болып табылады. Егде жастағы адамдардың фармакотерапиясын жақсарту үшін дәрілік емдеуді оңтайландыру құралдарын қолдану қажет. Олардың бірі-Бирс критерийлері. Зерттеу мақсаты: Бирс критерийлерін қолдана отырып, қажетсіз және ықтимал қауіпті дәрілерді анықтау арқылы ересек жастағы пациенттердің фармакотерапиясын оңтайландыру. Зерттеу материалдары мен әдістері. 2017 жылғы қаңтар-желтоқсан аралығындағы кезеңде кардиологиялық бейіндегі 65 және одан жоғары жастағы стационарлық науқастардың медициналық карталарын ретроспективті талдау. Зерттеу нәтижелері: Кардиологиялық стационардың ауру тарихын талдау нәтижесінде шамадан тыс полипрагмазия анықталды – 43 (40,9%) пациентте 10 және одан да көп дәрілік заттарды тағайындау. Бирс критерийлерінен жағымсыз дәрілердің ішінен COX-2 селективті ингибиторлары ең көп қолданылды – 18,1%, кеторолак ең аз тағайындалды – 1,0%. Қатарындағы препараттарды, олар қиындатады жүрек жеткіліксіздігі, тағайындалса НПВП және дигидропиридин емес ККБ. Егде жастағы адамдар үшін қауіпті дәрілер-вазодилататорлар – 100,0% және диуретиктер – 93,4%, аз дәрежеде – карбамазепин-4,8%. ДЗ жағымсыз комбинациялары байқалды: варфарин+амиодарон – 1,0%, варфарин+мелоксикам - 1,0%. Бүйрек жеткіліксіздігінен аулақ болу керек препараттардың ішінен 1,0% жағдайда спиронолактон анықталды. Қорытынды: Өткізілген зерттеу нәтижелері дәрілік терапияның тиімділігі мен қауіпсіздігін мұқият бақылау қажеттілігін көрсетеді. Полипрагмазиямен және жағымсыз дәрілік реакциялармен, атап айтқанда, Бирс критерийлерімен күресудің әртүрлі әдістерін қолдану қажет. Дәрігерлерді оқытуға арналған түрлі тренингтер мен мастер-кластар пациенттердің фармакотерапиясын реттеуге көмектеседі.
Көрген адамдардың саны: 268

Түйенді сөздер:

Мақалалар санаты: Біртума зерттеулер

Библиографиялық сілтемелер

Мусапирова А.Б., Тулеутаева Р.Е., Махатова А.Р., Смаилова Ж.К., Укенов А.Ж., Укенова Д.Б. Жүрек – тамыр ауруларымен егде жастағы науқастардағы жағымсыз дәрілік реакциялардың қаупін бағалау // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2021. 2 (Т.23). Б. 118-126. doi 10.34689/SH.2021.23.2.012

Авторизируйтесь для отправки комментариев