Online ISSN: 3007-0244,
Print ISSN:  2410-4280
МИОКАРД ИНФАРКТІСІНІҢ АУРУШАҢДЫҒЫН ТАЛДАУ (ШЫМКЕНТ Қ. КАРДИОЛОГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ МЫСАЛЫНДА)
Өзектілігі. Жүрек-қан тамырлары аурулары (ЖҚА) бүкіл әлемде сырқаттанушылық пен өлімнің басты себебі болып табылады [11]. 2030 жылға қарай жүрек-қан тамырлары ауруларынан жылына 23,6 миллион адам қайтыс болады деген болжам бар [6]. Соңғы үш онжылдықта ерлер мен әйелдер арасында, әсіресе > 65 жас тобында жүрек-қан тамырлары ауруларынан болатын өлім-жітімнің күрт төмендеуі байқалды [7]. Жұмыстың мақсаты Шымкент қаласының кардиологиялық орталығында миокард инфарктісінің таралуын зерттеу. Зерттеу материалдары мен әдістері. Зерттеу барысында Шымкент қалалық кардиологиялық орталығының кардиологиялық бөлімшесінің статистикалық деректеріне талдау жүргізілді. 2017-2019 жылдар кезеңіндегі келесі көрсеткіштер талданды: ауруының таралуы, қайта емдеуге жатқызу деңгейі, төсек-күндер және т. б. Зерттеу нәтижелері. 2017-2019 жылдары Қалалық кардиологиялық орталықтың кардиологиялық бөліміне 6230 пациент түсті. 2017 жылы миокард инфарктімен ауыратындар саны 1528 (77,6), 2018 жылы – 1700 (86,3), 2019 жылы – 1562 (79,3) құрады. 2018 жылы миокард инфарктісі бар науқастардың 2017 жылмен салыстырғанда 10% - ға арту және 2019 жылмен салыстырғанда 8% - ға төмендеу үрдісі байқалады. Зерттеліп отырған жылдары (2017-2019 жылдар) кардиоорталықтың кардиологиялық бөлімшесіне қайталанған миокард инфарктісі бар 712 пациент келіп түсті. Динамикада миокард инфарктісі қайталанған науқастардың түсу жағдайларының деңгейінің 4,2 есеге ұлғаю үрдісі байқалады: 2017 жылғы 3,9 (78 жағдайдан) 2018 жылы 16,7 (329 жағдайға) дейін. Бұл көрсеткіштің 2019 жылы 15,4 (305 жағдайға) дейін аздап төмендегені байқалады. Қорытынды. Осылайша, Шымкент қаласының кардиологиялық орталығында миокард инфарктісі қан айналымы жүйесі ауруларының жалпы санының 97% - ында кездеседі. Миокард инфарктісі бар пациенттердің төсек-күндерінің 2017 жылғы 8,8-ден 2019 жылы 7,9-ға дейін төмендегені байқалады. Көбінесе, миокард инфарктісі бар пациенттер стенттеуден кейін қайта түседі (62,5%).
Көрген адамдардың саны: 595

Түйенді сөздер:

Мақалалар санаты: Біртума зерттеулер

Библиографиялық сілтемелер

Садибекова Ж.У., Сарсенбаева Г.Ж., Токкулиева Б.Б., Хисметова З.А., Султанбеков К.А., Смаилова Д.С. Миокард инфарктісінің аурушаңдығын талдау (Шымкент қ. кардиологиялық орталығы мысалында) // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2021. 2 (Т.23). Б. 127-132. doi 10.34689/SH.2021.23.2.013

Авторизируйтесь для отправки комментариев