МЕДИЦИНА СТУДЕНТТЕРІ АРАСЫНДА ОЛДЕНБУРГ КҮЙІП ҚАЛУ САУАЛЫМАСЫН ОРЫС ТІЛІНЕ АДАПТАЦИЯЛАУ ЖӘНЕ ВАЛИДИЗАЦИЯЛАУ
Мақсат: Осы мақалада Қазақстан студенттеріне бейімделген Олденбург күйіп қалу сауалнамасының (R-OLBI-S) орыс нұсқасының психометриялық қасиеттерін сипатталды.
Әдістер: 2019 жылдың қазан айынан бастап желтоқсан айына дейін Астана медициналық университетінде қималық зерттеу жүргізілді. Барлығы 696 медицина студенттері қатысты. Сауалнама жасырын болды және электрондық формаға сілтеме арқылы жүргізілді. Зерттеуде келесі күйіп қалуды өлшеу құралдары қолданды: R-OLBI-S және Копенгаген күйіп қалу сауалнамасы. Статистикалық әдістер жиілікті және конфирматорлы факторлық талдауды, конвергентті және дискриминантты жарамдылықты және сенімділік талдауларын қамтыды.
Нәтиже: Кронбахтың альфасы 0,858, KMO = 0,886 құрады. R-CBI-S келісімнің жақсы деңгейлеріне қол жеткізді (χ2/df = 2,38, p <0,001, CFI = 0,986, TLI = 0,979, SRMR = 0,023, RMSEA = 0,045). Конвергентті жарамдылықты талдау «Шеттелу» ішкі шкаласы үшін AVE = 0.50 және CR = 0.80, «Таусылу» кіші шкаласы үшін AVE = 0.57, CR = 0.84 көрсетті. R-OLBI-S сенімділігін мен жарамдылығын көрсетті. Студенттер арасында күйіп қалудың таралуы 31% құрады.
Қорытынды: OLBI-S (R-OLBI-S) адаптацияланған және валидизацияланған орыс нұсқасы студенттерде күйіп қалу синдромын диагностикалаудың сенімді құралы болып табылады.
Көрген адамдардың саны: 274
Мақалалар санаты:
Біртума зерттеулер
Библиографиялық сілтемелер
Болатов А.К., Смаилова Д.С., Жорокпаева М.Д., Аманжолов А.Д., Сейсембеков Т.З. Медицина студенттері арасында Олденбург күйіп қалу сауалымасын орыс тіліне адаптациялау және валидизациялау // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2021. 2 (Т.23). Б. 133-139. doi 10.34689/SH.2021.23.2.014Ұқсас жариялымдар:
ОРТА ЖАСТАҒЫ ЖӘНЕ ЕГДЕ ЖАСТАҒЫ АДАМДАРДАҒЫ ДЕНЕ САЛМАҒЫ ИНДЕКСІ МЕН СҮЙЕКТІҢ МИНЕРАЛДЫ ТЫҒЫЗДЫҒЫ АРАСЫНДАҒЫ БАЙЛАНЫС
САРКОИДОЗ ЖӘНЕ ӨКПЕ ТУБЕРКУЛЕЗІ КЕЗІНДЕГІ ГРАНУЛЕМАТОЗДЫ ҚАБЫНУДЫ КЛИНИКА-МОРФОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ МОРФОМЕТРИЯЛЫҚ БАҒАЛАУ
БЕЛСЕНДІ ТУБЕРКУЛЕЗБЕН АУЫРАТЫН АИТВ ЖҰҚТЫРҒАН НАУҚАСТАРДА БАУЫРДЫҢ ДӘРІЛІК ЗАҚЫМДАНУЫ: САЛЫСТЫРМАЛЫ ЗЕРТХАНАЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ СОЗЫЛМАЛЫ ЖҮРЕК ЖЕТКІЛІКСІЗДІГІ БОЙЫНША АУРУЛАРДЫ БАСҚАРУ БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ АСЫРУ НӘТИЖЕЛЕРІ
ИНСУЛИНГЕ ТӨЗІМДІЛІГІ БАР НАУҚАСТАРДА ИНСУЛЬТ КЕЗІНДЕ ІШЕК МИКРОБИОМАСЫНЫҢ СИПАТТАМАСЫ