Online ISSN: 3007-0244,
Print ISSN:  2410-4280
ҚАЗАҚСТАНДА 2015-2019 ЖЫЛДАРЫ СҮТ БЕЗІ ОБЫРЫНАН СЫРҚАТТАНУШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ӨЛІМ-ЖІТІМ КӨРСЕТКІШТЕРІ
Өзектілігі. Сүт безі обыры (СБО) 2020 жылы бүкіл әлемде жаһандық ауруға байланысты өкпе қатерлі ісігінен асып түсті, 2,3 миллион жаңа СБО жағдайы тіркелді. СБО өлім-жітім бойынша бесінші орында, бұл 685 000 жағдайды құрады. Зерттелген кезеңде СБО-ның өлім-жітім көрсеткіші 2015 жылғы 100 мың әйел адамға шаққанда 15,3-тен 2019 жылы 100 мың адамға шаққанда 12,0-ге дейін төмендеді. Зерттеу мақсаты. 2015-2019 жылдары сүт безі обырынан сырқаттанушылық және өлім-жітім көрсеткіштері зерттеу Материалдар мен әдістер: Зерттеуге 2015-2019 жылдар кезеңінде Қазақстан Республикасында сүт безі обырының сырқаттанушылық пен өлім көрсенкіштер талданды. Талдау үшін деректер ресми статистикалық дереккөздерден алынды: № 35 нысан жылдық "қатерлі ісіктермен ауыратын науқастар туралы есеп". сырқаттанушылық пен өлім көрсенкіште 100 мың әйел адамға есептелген. Халық саны Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігінің Ұлттық статистика бюросынан алынды. Сырқаттанушылық пен өлім көрсенкіштерінің стандартталған көрсеткішін есептеу үшін халықтың әлемдік стандартын пайдалана отырып, стандарттаудың тікелей әдісі пайдаланылды [11]. Зерттеу тақырыбын этикалық комитет рұқсаты берілген (КеАҚ Семей медицина университеті 28.10.2020 ж. №2 хаттама). Нәтижелері. Сүт безі обыры аурушаңдық деңгейі 2016 жылы өсті, 2017 жылы төмендеді, содан кейін ол өсуге бет бұрды және 2019 жылы аурушаңдық деңгейі 100 мың әйел тұрғынға шаққанда 52,3 құрады. Аурудың «өрескел» көрсеткіштері 65-74 жас тобында жоғары болды, екінші орында 55-64 жас тобы, үшінші орында 75-84 жас тобы. Аурудың стандартталған көрсеткіштері 55-64 жас тобында жоғары болды, екінші орында 45-54 жас тобы, үшінші орында 65-74 жас тобы болды. СБО өлім-жітімінің «өрескел» деңгейі 65-74 жас тобында жоғары болды, екінші орында 75-84 жас тобы, үшінші орында 85 жастан асқан жас тобы болды. Стандартталған өлім-жітім көрсеткіштері 55-64 жас тобында ең жоғары болды. Екінші орында 45-54 жас аралығындағы топ, үшінші орында 65-74 жас аралығындағы топ болды. Қорытынды. Сүт безі обырының аурушаңдығының өсуі байқалады. 2015-2019 жылдары сүт безі обырының өлім-жітімнің көрсеткіштерінің төмендеу тенденциясы байқалды. Аурудың «өрескел» көрсеткіштері 65-74 жас тобында ең жоғары болды. Стандарттаудан кейін аурудың жоғары көрсеткіштері 55-64 жас тобында болды. СБО өлім-жітімінің «өрескел» көрсеткіштері 65-74 жас аралығындағы топта жоғары болды. Стандарттаудан кейін өлім-жітімнің көрсеткіштері жоғары деңгейі 55-64 жас тобында болды.
Көрген адамдардың саны: 442

Түйенді сөздер:

Мақалалар санаты: Біртума зерттеулер

Библиографиялық сілтемелер

Чертищева И.Л., Ли В.Е., Бекежан А.Б., Масадыков А.С., Шалгумбаева Г.М., Сайдуалиев Д.Н. Қазақстанда 2015-2019 жылдары сүт безі обырынан сырқаттанушылық және өлім-жітім көрсеткіштері // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2021. 2 (Т.23). Б. 148-154. doi 10.34689/SH.2021.23.2.016

Авторизируйтесь для отправки комментариев