Online ISSN: 3007-0244,
Print ISSN:  2410-4280
ЦИТОМЕГАЛОВИРУСТЫ ИНФЕКЦИЯНЫҢ КЛИНИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ
Өзектілігі: Цитомегаловирусты инфекция (ЦМВИ) – көптеген берілу жолы бар кең таралған адам инфекциясы. Цитомегаловирус туа біткен инфекциялардың ең жиі себебі болып табылады. Жаңа туған нәрестелердің ішінде туа біткен ЦМВИ жиілігі орта есеппен әлемде 1% жуық. Клиникалық көрінісінің әртүрлілігі вирустың ағзаның барлық жасушаларын инфицирлей алуына байланысты. Тәжірибе негізінде бауырдың ауыр зақымдануы және туа біткен ЦМВИ бар балалардың летальді жағдайы көрініс береді. Орта есеппен ересек адамдардың 90-95 %-да ЦМВ қарсы антиденелер анықталады. Осы инфекцияның тұрғындар арасында кең таралуы және ЦМВИ туа біткен және перинатальді инфекциялардың ең жиі себепшісі болуы, сонымен қатар сенімді емдік және профилактикалық шаралардың болмауы берілген мәселенің өзектілігін көрсетеді. Мақсаты: Клиникалық жағдай негізінде зертханалық көрсеткіштердің өзгерістерінің клиникалық көріністерімен, цитомегаловирусты инфекция шақырған вирусты гепатитпен танысу. Әдістер мен құралдар: Зерттеу дизайны ретроспективті анализ. Берілген клиникалық жағдай 3 ауру тарихы және бір науқастың мәйітін ашу протоколы бойынша сипатталған. Нәтижесі: Берілген клиникалық жағдайды сипаттау клиникалық және зертханалық көрсеткіштердің туа біткен ЦМВИ, жайылмалы формасы бар 5 айлық қыз баладағы өзгерістерге негізделген. Қорытынды: Ерте жастағы балалардағы туа біткен цитомегаловирусты инфекция, басқа вирусты гепатиттермен қатар летальді жағдаймен аяқталатын бауыр циррозына алып келуі мүмкін. Мұндай жағдайларды емдеу қиынға соғады, болжамы қолайсыз. Летальді жағдайға алып келетін бауырдың биллиарлы циррозының пайда болуы көбінесе 1 жастың 2 жартысында пайда болады.
Көрген адамдардың саны: 517

Түйенді сөздер:

Мақалалар санаты: Клиникалық жағдай

Библиографиялық сілтемелер

Эфендиев И.М., Мансурова А.А., Данабеков Б. Цитомегаловирусты инфекцияның клиникалық жағдайы // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2021. 3 (Т.23). Б. 170-175. doi 10.34689/SH.2021.23.3.019

Авторизируйтесь для отправки комментариев