Online ISSN: 3007-0244,
Print ISSN:  2410-4280
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША НЕСЕП-ТАС АУРУЫНЫҢ ЭПИДЕМИОЛОГИЯСЫ
Өзектілігі: Несеп-тас ауруы – әлемде және Қазақстанда бүйрек қабынуынан кейінгі жиі кездесетін урологиялық ауруларының қатарына кіреді.
Мақсаты: несеп шығару жүйесінің, әсіресе несеп-тас ауруының эпидемиологиясын зерттеу.
Зерттеу әдістері: Түркістан облысы ауруханаларына жатқызылған науқастардың ішінде 81 327 респондентте адамда несеп шығару жүйесінің ауруы байқалған. Урологиялық аурулардың ішінде созылмалы тубулоинтерстициалды нефрит, созылмалы обструктивті және и обструктивсіз пиелонефрит, терминалды сатыдағы бүйрек аурулары, тубулоинтерстициалды бүйрек асқынуы, бүйрек кистасы, жіті тубулоинтерстициалды нефрит, несеп шығару жолдарының инфекциялары, созылмалы нефритикалық цистит, гидронефроз және басқалары кіреді. Статистикалық талдау MATLAB бағдарламасының R2017b версиясы (MathWorks, США) арқылы жасалды, графтер Microsoft Excel-ды пайдалана отырып сызылды.
Нәтижелер: Несеп шығару жүйесінің ауруы жиілігі 2017 жылдан 2018 жылға дейін және 2018 жылдан 2019 жылға дейін  1,17 есеге сызықты өсуімен жоғарлаған (R2 = 9964). Несеп-тас ауруы аталған аурулар ішінде 1,4% кездесіп 7 орынды алды. Зерттеу нәтижелері келер жылдарда 500-ден аса адам несеп-тас ауруы себебінен госпитализацияға мұқтаж болады, негізгі себебіеің бірі COVID-19 пандемиясына байланысты болуы мүмкін.
Қорытынды: Түркістан облысында несеп-тас ауруының таралуы госпитализациянудың негізгі себептерінің бірі болғаны байқалған және бұл тенденция әрі қарай өсуі мүмкін.
Көрген адамдардың саны: 448


Мақалалар санаты: Біртума зерттеулер

Библиографиялық сілтемелер

Фатхи Р.А., Сейдинов Ш.М. Түркістан облысы бойынша несеп-тас ауруының эпидемиологиясы // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2021. 3 (Т.23). Б. 127-132. doi 10.34689/SH.2021.23.3.013

Авторизируйтесь для отправки комментариев