Online ISSN: 3007-0244,
Print ISSN:  2410-4280
КОГНИТИВТІ ФУНКЦИЯЛАРДЫҢ БҰЗЫЛУЛАРЫНЫҢ ДАМУЫНДА СОЗЫЛМАЛЫ ВИРУСТЫҚ ГЕПАТИТТЕРДІҢ РӨЛІ ТУРАЛЫ ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ КӨЗҚАРАСТАР
Кіріспе: Соңғы жылдары жүргізілген зерттеулер созылмалы вирусты гепатит кезінде инфекциялық процесстің дамуы бауырда және одан тыс жерлерде де пайда болуы мүмкіндігін, сонымен қатар бауырдан тыс көріністердің кең спектрінің пайда болуын көрсетеді. Когнитивті дисфункция бауырдың уытты және синтетикалық функциясының бұзылуымен де, орталық жүйке жүйесіндегі вирустардың репликациясымен байланысты. Созылмалы вирустық гепатитпен ауыратын науқастардың жартысында тіркелген бауырдан тыс көріністердің бірі - когнитивті функциялардың бұзылыстары болып табылады. Когнитивті бұзылулар вирустардың созылмалы төзімділігімен байланысты болғандықтан, олардың бауырдан тыс көріністердің дамуына қатысуы зерттелді. Когнитивті бұзылулардың қалыптасуындағы вирустық агенттердің рөлін талдау пациенттердің осы санатында диагностикалау мен емдеу әдістерінің тиімділігін арттыруға ықпал етуі мүмкін. Мақсаты: Қазіргі уақыттағы әдебиеттердің деректері бойынша созылмалы вирустық гепатитпен ауыратын пациенттерде когнитивті бұзылулардың дамуын жүйелеу және бағалау. Ізденіс стратегиясы: дерек көздерді іздеу PubMed, The Сochrane Library, Scopus, elibrary базаларында жүргізілді. Ізденіс ұзақтығы 15 жылды құрады, 2005 жылдан 2020 жылға дейін. Қосу критерийлері: рандомизацияланған және когорттық зерттеулер туралы есептер, мета-талдаулар және жүйелі шолулар; ағылшын және орыс тілдеріндегі мақалалар. Алып тастау критерийлері: дәлелдер базасы жоқ материалдар, газет мақалалары. Іздеу барысында 86 дереккөз табылды, олардың 31-і жан-жақты зерттеу үшін таңдалып талданды. Нәтижелері: Созылмалы вирустық гепатиттердің кезінде инфекциялық процестің дамуы когнитивті бұзылулардың қалыптасуы арасындағы өзара байланысқа талдау жүргізілді. СВГ бар науқастарда когнитивті бұзылулар дамуына әртүрлі факторлардың әсері анықталды, СВГ кезінде вирусқа қарсы терапияның рөлі бағаланды. Қорытынды: СВГ кезінде инфекциялық процестің дамуы когнитивті бұзылулардың қалыптасуына және оның күшейе түсуіне әсер етеді. Алайда, клиникалық зерттеулерде СВГ-ке дер кезінде жүргізілген вирусқа қарсы терапия когнитивті дисфункциялардың даму динамикасына төмендеуі мен қайтымдылығында оң нәтиже көрсетті.
Көрген адамдардың саны: 291

Түйенді сөздер:

Мақалалар санаты: Әдебиеттерге шолу

Библиографиялық сілтемелер

Полукчи Т.В., Славко Е.А., Абуова Г.Н. Когнитивті функциялардың бұзылуларының дамуында созылмалы вирустық гепатиттердің рөлі туралы қазіргі заманғы көзқарастар // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2021. 4 (Т.23). Б. 58-65. doi 10.34689/SH.2021.23.4.006

Авторизируйтесь для отправки комментариев