ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖҮЙЕСІНІҢ ТИІМДІЛІГІН ӨЛШЕЙТІН ҚҰРАЛДАРДЫ ЗЕРТТЕУ
Кіріспе. Дүниежүзілік денсаулық сақтауұйымы (ДДҰ) және Экономикалық ынтымақтастықпен даму ұйымы (ЭЫДҰ) сияқты халықаралық ұйымдар денсаулық сақтау жүйелерінің экономикалық және әлеуметтік салаға өсіп келе жатқан әсерін талдау қажеттілігін атап көрсетеді. Бұл шешім қабылдау үрдістерін бақылау мен қолдау үшін бағытталған.
Зерттеудіңмақсаты денсаулыққақатысты теңсіздіктерді азайту бойынша тиімді және тұрақты іс-шараларды қабылдауға мүмкіндік беретін денсаулық сақтау жүйесінің әсерін өлшеуге арналған икемді және жұмыс құралын (модельді) зерттеу болып табылады.
Әдіс-тәсілдер: PubMed, Google Scholarship, CRD мәліметтер базасы, Cochrane Library кітапханаларында әдебиеттерді іздеу жүргізілді. Іздеу стратегиясына келесі кілт сөздер кірді: indicator, measure, performance health system, efficiency, equity and/or effectiveness, economic structure standardized database death techniques tools comparability. Әдістемелік сүзгілерге барлық зерттеу түрлері кірді. Іздеу 2011 жылдың қаңтарымен 2021 жылдың сәуірі аралығында жарияланған ағылшын, испан және орыс тілдеріндегі зерттеу жұмыстарымен шектелді. Қосу критериі: 1) мәліметтер базасында бар толық мәтіндер; 2) ағылшын, испан немесе орыс тілдеріндегі мәтіндер; 3) соңғы онжылдықта (2011-2021) жүргізілген немесе жарияланған зерттеулер. Шығару критерийі: 1) зерттеудің телнұсқалары; 2) клиникалық тәсіл.
Нәтижелер: Денсаулық сақтау секторының экономикалық құрылымын анықтау үшін кіріс-шығыс кестесінің технологиялық коэффициенттері қолданылады, яғни денсаулық сақтау жүйесіне қажет және оның экономикалық құрылымы үшін пайдаланылуы мүмкін әр саланың шығын мөлшері қолданылады. Өңірлік шығындар-шығарылым кестелерінде бір мезгілде әртүрлі орналасу коэффициенттері немесе өңірлер бойынша секторлардың қатысу квоталары бар жолдар мен бағандар үшін түзетулер енгізіледі.
Қорытынды: денсаулық сақтау саласына сапалы және объективті бағалау жүргізу, бір жағынан, және оның экономикалық тиімділігін талдау, екінші жағынан, денсаулық көрсеткіштерін қалыптастыруды және тиімді экономикалық әдістерді енгізуді талап етеді. Бұл бюджет шығыстары мен ұсынылатын медициналық қызметтер деңгейінің осы өңір халқының аурулары ауыртпалығына сәйкестігін айқындауға мүмкіндік береді.
Көрген адамдардың саны: 274
Мақалалар санаты:
Әдебиеттерге шолу
Библиографиялық сілтемелер
Кошербаева Л., Жораев О., Самамбаева А., Жақсылық М. Денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін өлшейтін құралдарды зерттеу// Ғылым және Денсаулық сақтау. 2021. 4 (Т.23). Б. 88-97. doi 10.34689/SH.2021.23.4.009Ұқсас жариялымдар:
ДЕРМАТОФИТТЕРДІҢ АНТИМИКОТИКАЛЫҚ ПРЕПАРАТТАРҒА ТӨЗІМДІЛІГІНІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ
БРОНХӨКПЕЛІК ДИСПЛАЗИЯНЫ ЗЕРТТЕУДЕГІ БИОМЕДИЦИНАЛЫҚ ИНФОРМАТИКАНЫҢ РӨЛІ
ӨКПЕНІҢ ҚАТЕРЛІ ІСІГІН ВИЗУАЛДЫ СКРИНИНГТІҢ МАҢЫЗДЫҒЫ
БҮЙРЕК ТРАНСПЛАНТАТЫН ҚАБЫЛДАМАУДЫ ДИАГНОСТИКАЛАУ ЖӘНЕ ЕМДЕУ: ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ
СҮТ БЕЗДЕРІН ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ ӘДІСТЕРІНІҢ САЛЫСТЫРМАЛЫ СИПАТТАМАСЫ. ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ