Online ISSN: 3007-0244,
Print ISSN:  2410-4280
ПРОФИЛЬДІ АУРУХАНА НАУҚАСТАРЫНДА МИОКАРД ИНФАРКТІ ДАМУЫНЫҢ ҚАУІП ҚАТЕР ФАКТОРЛАРЫ ЖӘНЕ КОМОРБИДТІ ПАТОЛОГИЯСЫНЫҢ АУЫРЛЫҚ ДӘРЕЖЕСІ МЕН ҚҰРЫЛЫМ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Кіріспе: Жоғары дәрежелі коморбидттілік, қауіп қатер факторлары жедел миокард инфаркт (ЖИМ) ағымының нашарлауына және қолайсыз болжамға алып келеді. Жыныс және жас ерекшеліктерін ескере отырып, маңызды қауіп қатер факторларын зерттеу келешекте коморбидттілікпен күресуге арналған шараларды құруға үлкен мүмкіндік береді. Бұл жұмыстағы ең маңызды нәтиже жоғары қауіптегі науқастарды анықтап, сонымен жұмыс жасау болып табылады. Зерттеудің мақсаты: қауіп қатер факторлары, коморбидті патологияның құрылымы, ауырлық дәрежесін зерттеп, олардың әртүрлі жас-жыныстық топ науқастардың инфаркт миокардының клиникалық ағымына әсер етуін зерттеу. Зерттеу материалдары және әдістері: Ретроспективті зерттеуге нәтижесі қолайлы болған инфаркт миокарды бар 634 науқастың ауру тарихы талқыланды. Зерттелген топ 63,9% ер и 36,1% әйелден құрылды. Жедел инфаркт миокарды бар науқас коморбидтілігі Чарлсон коморбидтілік индексімен (ЧКИ) бағаланды. Науқастар 3 топқа бөлінді: I топ (төмен коморбидтілік, ЧКИ ≤3 балл); II топ (орта коморбидтілік, ЧКИ 3-5 балл); III топ (жоғары коморбидтілік, ЧКИ ≥5 балл). Нәтижелер мен талқылау: Әйелдерге қарағанда ер адамдарда жиі АГ 89,7%, гиперхолестеринемия 75%, дене салмағының артық болуы 40%, темекі шегу 31,5%, семіздік 31%, ҚД 24,4% және глюкозаға толеранттылықтың бұзылуы 20 % науқастарда кездесті. Нозологиялардың орта саны 3,7±1,04 құрды. Чарлсон коморбидтілік индексі 5,5±1,9 балл. Науқастарда жоғары дәрежелі 47,3% және орта дәрежелі 48,3% коморбидтілік байқалды. Жоғары коморбидтілік индекс ер адамдарда (49,7%), әйелдерде (50,3%) бірдей болды. Жоғары коморбидтілігі бар науқастарда инфаркт миокарды жиі қайталанды (59,1%, р=0,001). Коронарлы артерияның ауыр зақымдалу дәрежесі, жас және коморбидтілік индексі арасында тікелей корреляциялық байланыс анықталды. (r=0,32, p=0,001). Әйелдерге қарағанда ер адамдарда коронарлы үш қантамырлық зақымдалу жиі анықталып отырды 64,1%, р=0,001. ЖИМ бар науқастарда коморбидті патология құрылымы мен ауырлық дәрежесін ескере отырып коморбидтілік индексі бойынша 10 жылдық болжам төмен болды. Тұжырымдар: Қауіп қатер факторлары және коморбидті патология анамнезі бар науқастардың үлкен тобын ер адамдар құрады. Зерттелген ЖИМ бар науқастарда орта және жоғары дәрежелі коморбидтілік байқалды, осы науқастарда жиі қайталматы инфаркт миокарды, коронарлы артериялардың көптамырлық зақымдалуы және коронарография, кейіннен ТКӘ жасалу жиілігінің төмендеуі тіркелді. Коморбидтілік индексін санағанда 10 жылдық болжам төмен болды. Берілген жұмыс қауіп қатер факторларын уақтылы реттеуін, коморбидтілікті жүргізудің жақсаруының керек екенін дәлелдейді, ЖИМ ағымының жағымсыз өтуін төмендетуіне алып келеді.
Көрген адамдардың саны: 213

Түйенді сөздер:

Мақалалар санаты: Біртума зерттеулер

Библиографиялық сілтемелер

Кедельбаева К.М., Беркинбаев С.Ф., Джунусбекова Г.А., Тундыбаева М.К., Кубеева А.Ш. Профильді аурухана науқастарында миокард инфаркті дамуының қауіп қатер факторлары және коморбидті патологиясының ауырлық дәрежесі мен құрылым ерекшеліктері // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2021. 4 (Т.23). Б. 113-122. doi 10.34689/SH.2021.23.4.012

Авторизируйтесь для отправки комментариев