МҰРЫН ПЕРДЕСІНІҢ ҚИСАЮЫ БАР НАУҚАСТАРДА МҰРЫН АҒЫНЫН CFD МОДЕЛДЕУ
Өзектілігі: мұрын пердесінің қисаюы - мұрын қуысының өте кең таралған патологиясы. CFD модельдеу сияқты жаңа әдістің пайда болуы науқастардың мұрын қуысында болатын биофизикалық процесcтерді зерттеуге мүмкіндік берді.
Эксперимент мақсаты: бұл эксперименттің мақсаты мұрын пердесінің әр түрлі қисаю типтерінде ауа ағынының жылдамдығы мен ішіндегі қысымын зерттеу болды.
Материалдар мен тәсілдер: зерттеу барысында 7 науқастың компьютерлік томограммалары қолданылды. CFD модельдеуге арналған арнайы бағдарламалық жасақтама алгоритмдерін қолдана отырып, осы суреттерден мұрынның 3D модельдері мен виртуалды ауа ағындары алынды. Біз мұрын пердесінің қисаюының әрбір типі үшін мұрын ағынының орташа жылдамдығын және парциалдық қысымын қарастырдық.
Нәтижелер: мұрын пердесінің қисаюының 4 және 7 типтеріндегі орташа ағынның жылдамдығы 7,3 және 7,6 м / с құрады, ал парциалды қысым сәйкесінше - 10,2 және - 9,8 Ра құрады, бұл басқа мұрын пердесінің қисаюының типтері бойынша мәліметтерден әлдеқайда басқаша болды.
Қорытынды: мұрын пердесінің қисаю типі мұрын қуысындағы ағын жылдамдығы мен қысымға әсер етеді.
Көрген адамдардың саны: 305
Мақалалар санаты:
Біртума зерттеулер
Библиографиялық сілтемелер
Сагандыкова Н.С., Майкл Йонг Джао, Таукелева С.А. Мұрын пердесінің қисаюы бар науқастарда мұрын ағынын CFD моделдеу // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2021. 4 (Т.23). Б. 123-129. doi 10.34689/SH.2021.23.4.013Ұқсас жариялымдар:
ОРТА ЖАСТАҒЫ ЖӘНЕ ЕГДЕ ЖАСТАҒЫ АДАМДАРДАҒЫ ДЕНЕ САЛМАҒЫ ИНДЕКСІ МЕН СҮЙЕКТІҢ МИНЕРАЛДЫ ТЫҒЫЗДЫҒЫ АРАСЫНДАҒЫ БАЙЛАНЫС
САРКОИДОЗ ЖӘНЕ ӨКПЕ ТУБЕРКУЛЕЗІ КЕЗІНДЕГІ ГРАНУЛЕМАТОЗДЫ ҚАБЫНУДЫ КЛИНИКА-МОРФОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ МОРФОМЕТРИЯЛЫҚ БАҒАЛАУ
БЕЛСЕНДІ ТУБЕРКУЛЕЗБЕН АУЫРАТЫН АИТВ ЖҰҚТЫРҒАН НАУҚАСТАРДА БАУЫРДЫҢ ДӘРІЛІК ЗАҚЫМДАНУЫ: САЛЫСТЫРМАЛЫ ЗЕРТХАНАЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ СОЗЫЛМАЛЫ ЖҮРЕК ЖЕТКІЛІКСІЗДІГІ БОЙЫНША АУРУЛАРДЫ БАСҚАРУ БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ АСЫРУ НӘТИЖЕЛЕРІ
ИНСУЛИНГЕ ТӨЗІМДІЛІГІ БАР НАУҚАСТАРДА ИНСУЛЬТ КЕЗІНДЕ ІШЕК МИКРОБИОМАСЫНЫҢ СИПАТТАМАСЫ