ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ҚЫЗЫЛШАНЫҢ ВАКЦИНАЛЫҚ ЖӘНЕ СЫРҚАТТАНУШЫЛЫҚ КӨРСЕТКІШІ
Актуальность. Қызылша - өте жұқпалы (95-96%) вирустық, ықтималды элиминацияланатын ауру, өйткені резервуар тек адам болып табылады. Бүгінгі таңда қауіпсіз тиімді вакциналар, сондай-ақ сезімтал және нақты диагностикалық сынақтар әзірленді және барлық жерде қолданылады. Көптеген елдерде қызылшаға қарсы вакцина халықты иммундау бағдарламасына енгізілген және еркін қол жетімді.
Зерттеу мақсаты: Қазақстан Республикасында 0-ден 14 жасқа дейінгі балалардың қызылшамен сырқаттанушылық көрсеткіштерін, сондай-ақ олардың вакциналық мәртебесін зерттеу.
Материалдар мен әдістер: Қазақстан Республикасы Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің деректері және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің деректері бойынша 2018 жылғы 1 қарашадан бастап 2019 жылғы 30 желтоқсанға дейінгі кезеңде 0-ден 14 жасқа дейінгі балалардың қызылшамен сырқаттанушылығына және вакциналық көрсеткіштерін анықтау мақсатында ретроспективті эпидемиологиялық талдау жүргізілді.
Статистикалық талдау R statistics (V. 4) бағдарламаларында келесі шарттарға сәйкес жүргізілді: қалыпты емес үлестірімі бар сандық деректер: тәуелсіз топтар үшін Крускал-Уоллистің параметрлік емес критерийлері.
Нәтижелер мен қорытындылар: халық арасында қызылшамен сырқаттанушылықты талдау анализдері, қызылшамен сырқаттанушылықтың өсу үрдісін көрсетті, ол көрсеткіш 13 873 құрады, оның ішінде 73% (n=10189) - 14 жасқа дейінгі балалар. Бұл аурудың өсуінің басым көпшілігі вакцинация бағдарламаларында халықтың шектеулі болуымен байланысты. Осы зерттеулерде 1 жасқа дейінгі балаларды вакцинациялаумен қамтудың төмен деңгейі 50,2% (n=4098), 1 жастан 14 жасқа дейінгі 49,8% (n=4072) анықталды, вакцинациялаудың төмен көрстекіштері әртүрлі себептерге байланысты (жасқа жетпеу, медициналық бас тарту, ата-аналардың вакцинациялаудан бас тартуы). Бүгінгі күні қызылшаның алдын алудың ең сенімді құралы-халықты вакцинациялау екендігі дәлелденді. Халық арасында қызылшаны жоюдың әлемдік тәжірибесі балаларды жалпы иммундауды және барлық сезімтал адамдарды қызылшаға қарсы вакцинамен вакцинациялауды ұсынады.
Көрген адамдардың саны: 397
Мақалалар санаты:
Біртума зерттеулер
Библиографиялық сілтемелер
Жузжасарова А.А., Баешева Д.А., Турдалина Б.Р., Сейдуллаева А.Ж., Алтынбекова А.В., Мынжанова А., Кушугулова А.Р. Қазақстан Республикасында қызылшаның вакциналық және сырқаттанушылық көрсеткіші // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2021. 4 (Т.23). Б. 155-162. doi 10.34689/SH.2021.23.4.017Ұқсас жариялымдар:
ОРТА ЖАСТАҒЫ ЖӘНЕ ЕГДЕ ЖАСТАҒЫ АДАМДАРДАҒЫ ДЕНЕ САЛМАҒЫ ИНДЕКСІ МЕН СҮЙЕКТІҢ МИНЕРАЛДЫ ТЫҒЫЗДЫҒЫ АРАСЫНДАҒЫ БАЙЛАНЫС
САРКОИДОЗ ЖӘНЕ ӨКПЕ ТУБЕРКУЛЕЗІ КЕЗІНДЕГІ ГРАНУЛЕМАТОЗДЫ ҚАБЫНУДЫ КЛИНИКА-МОРФОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ МОРФОМЕТРИЯЛЫҚ БАҒАЛАУ
БЕЛСЕНДІ ТУБЕРКУЛЕЗБЕН АУЫРАТЫН АИТВ ЖҰҚТЫРҒАН НАУҚАСТАРДА БАУЫРДЫҢ ДӘРІЛІК ЗАҚЫМДАНУЫ: САЛЫСТЫРМАЛЫ ЗЕРТХАНАЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ СОЗЫЛМАЛЫ ЖҮРЕК ЖЕТКІЛІКСІЗДІГІ БОЙЫНША АУРУЛАРДЫ БАСҚАРУ БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ АСЫРУ НӘТИЖЕЛЕРІ
ИНСУЛИНГЕ ТӨЗІМДІЛІГІ БАР НАУҚАСТАРДА ИНСУЛЬТ КЕЗІНДЕ ІШЕК МИКРОБИОМАСЫНЫҢ СИПАТТАМАСЫ