Online ISSN: 3007-0244,
Print ISSN:  2410-4280
ӨСКЕМЕН ҚАЛАСЫНЫҢ ЕРЕСЕК АДАМДАРЫНЫҢ ИММУНИТЕТ ЖҮЙЕСІ МЕН КӨП ФАКТОРЛЫ НЕГАТИВТІ АНТРОПОГЕНДІК ӘСЕР
Жұмыстың мақсаты: Өскемен қаласының әртүрлі деңгейде антропогендік әсерге ұшыраушы аудандарында тұратын адамдардың иммундық реактивтілігінің ерекшеліктерін анықтау. Материалдар мен әдістер. Жұмыс 2017-2019 жылдар аралығында Өскемен қаласы мен Орал қаласы аумағында жүргізілді. Үш аймақ анықталды: Үлбі ауданы - өндірістік ластағыштардың барынша шоғырланған аумағы, Октябрь ауданы (қала орталығы), КШТ ауданы ауамен ластану қаупі аз жер. Зерттеуге көрсетілген аумақтарда тұрақты тұратын 18 жастан асқан және 60 жасқа дейінгі адамдардың енгізілді. Өскеменнен барлығы 590 адам, ал Оралдан 248 адам зерттеуге қатысты. 1-аймақтан 185 адам, 2-аймақтан - 201 адам және 3-аймақтан 204 адам қатысты. Зерттеу әдістері: зерттелетін елді мекендердің қоршаған орта объектілері мен су объектілеріндегі элементтердің құрамына аналитикалық баға беру; ауадағы ластаушы заттардың құрамын анықтау; шу деңгейін өлшеу. Иммундық жүйенің күйін зерттеу жасушалық, гуморальдық және фагоцитарлық байланыстар көрсеткіштері тұрғысынан ақпараттық әдістер кешенін қолдану арқылы жүргізілді. Зерттеудің нәтижелері: Негізгі топта бақылау тобымен салыстырғанда иммундық жүйенің жасушалық байланысының басылуы байқалды, бұл дифференциацияның жеке кластерлерінің жоғары дифференциалданған циркуляциялық лимфоциттері санының азаюына байланысты болды. Теріс антропогендік әсерлердің ең жоғары кумулятивтік деңгейіне ұшыраған адамдарда гуморальдық иммунитеттің жалпы деңгейінің төмендеуі қандағы циркуляциялық иммундық кешендердің құрамының күрт өсуі аясында да анықталды. Фагоцитоз жағынан барлық зерттелген механизмдердің тежелуі, ең алдымен, фагоциттелген субстраттың лизисі байқалды. Жалпы алғанда, өндірістік қаланың антропогендік факторларының күрделі теріс әсері, ең алдымен, филогенетикалық тұрғыдан кейінірек және одан да күрделі қорғаныс жүйелерін басып-жаншуға, сондай-ақ аз дифференциалданған қорғаныс жүйелерінің жұмыс істеуі кезінде реттеуші жасушалық механизмдерді бұзуға бағытталған.
Көрген адамдардың саны: 252

Түйенді сөздер:

Мақалалар санаты: Біртума зерттеулер

Библиографиялық сілтемелер

Абишева А.А., Белихина Т.И., Казымов М.С., Жунусова Т., Манарбеков Е.М. Өскемен қаласының ересек адамдарының иммунитет жүйесі мен көп факторлы негативті антропогендік әсер // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2021. 4 (Т.23). Б. 172-179. doi 10.34689/SH.2021.23.4.019

Авторизируйтесь для отправки комментариев